130
«Дүниеде нақтылы өмір сүріп жатқан нәрселерді біз болуы мүмкін
дейміз, өйткені олардың өз-өзіне негізделетін болмысы жоқ. Олар
белгілі бір себеп пен кездейсоқтықтың негізінде дүниеге келеді, басқа
жағдайда дүниеге келмеуі де мүмкін еді. Ал қажетті барлықты ала-
тын болсақ, ол бар және оның болмауы мүмкін емес, өйткені ол өзін
негіздей растай алады. Ол, әрине, Алла тағала, Ол бұл дүниедегі болуы
мүмкін және болып жатқан нәрселерден бөлек», – деген пікірге келеді
ұлы ойшыл.
Ибн-Сина өзінің онтологиялық ілімінде діндегі «Құдай жоқтан
барды тудырды» деген пікірге қарсы шығады. Егер дүние жоқтан пайда
болса, онда дүниенің пайда болуының іс-әрекеттік себебі Құдайдың
жаратуға дейін іс-әрекеттік себебі болмаған екен ғой деген ойға әкеледі,
онда Құдайдың ол қасиеті қажетті емес, оның терең мән-мағынасынан
шықпайды. Олай болса, ол өзгереді, ал оның өзі оның кемеліне келме-
ген, жетілмегендігінің көрінісі Құдайдың абсолютті жетілген алғашқы
себептігіне қайшы келеді.
Ибн-Сина Құдайды, діндегі сияқты, табиғатқа оның Жарату-
шысы ретінде қарсы қоймайды. Құдай дүниедегі барлықтың алғашқы
себебі болғаннан кейін, материалдық дүние Құдайсыз, ал Құдай бұл
дүниесіз өмір сүре алмайды деген пікірге келеді. Сөйтіп, Ибн-Синаның
болмыстық көзқарасы
Достарыңызбен бөлісу: