Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет112/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   521
пантеизмге
өте жақын болды. 
Ибн-Синаның дүниетану іліміне келер болсақ, ол адамның жан 
дүниесінде әлеуетті ақыл-ой бар дейді. Яғни адамның өз алдында 
жатқан дүниенің мән-мағынасын аша алатын мүмкіндігі бар. Бірақ ол 
өте күрделі. Таным түйсіктердің қабылдауы арқылы басталады, оны 
ол сезімдік тәжірибе дейді. Жалпылыққа адам заттардың қасиеттерін 
салыстыру арқылы жетеді. 
Ақиқат дегеніміз – заттардың ішкі мән-мағынасы. Әр заттың 
ақиқаты оның өмір сүруінің ерекшелігінде, ал оның өзі сол заттың 
өзіндігін құрайды. Ақиқатқа жетудің бірден-бір қажетті құралы – ол 
логика. Логика заңдары арқылы біз жалқылық пен жалпылықты ойлай 
аламыз. Жалпы жеке заттардың мән-мағынасын құрап, жалқымен бірге 
өмір сүреді.
Ибн-Синаның әлеуметтік-саяси көзқарастарына келер болсақ
ол әділеттік мәселесіне көп көңіл бөліп, оны қайсыбір қоғамдағы 
тұрақтылықтың негізі деп есептеді. Егер қоғамды басқару әділетсіз 
жолмен жүріп жатса, онда халықтың оған қарсы қарулы көтерілісі 
заңды деген пікір айтады. Бүгінгі философияда Ибн-Сина араб ілімін 
ислам қағидаларына қосып, оны христиан дініне жақындатқаны, оның 
негізгі өшпес еңбегі деп есептейтін көзқарас та бар. 
Шығыс философиясының келесі ұлы тұлғасы – 
Ибн-Рошд
(1126-
1198 жж.). Латынша аты – 
Аверроэс
. Өмірге Испаниядағы Кордова 


131
қаласында келеді. Жас кезінде мұсылман құқын, араб әдебиеті мен 
поэзиясын, соңынан дәрігерлік ғылымды, математика мен физиканы 
оқиды. Содан кейін философиямен айналыса бастайды. 
Ибн-Рошд көп жылдар Севилья мен Кордовада қадилық (соттың) 
қызмет атқарады. Өмірінің кейбір кезеңдерінде өзінің көзқарастарына 
бола діни қуғындауға ұшырайды. Ибн-Рошд ғылыми еңбектерінің 
көпшілігін Аристотельдің еңбектеріне түсініктемелер жасауға арнайды. 
Еуропа философиясында «Ұлы комментатор» (түсіндірмеші) деген 
атаққа ие болған. 
Негізгі еңбектері: «Терістеуді теріске шығару», «Аспандағы дене-
лердің қозғалысы туралы», «Алғашқы қозғаушы жөнінде», «Жан-дүние 
ғылымы жайында» т.с.с. Соңынан оған Данте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет