159
мүмкiн. Бiрақ ол рухтың иесi тек адам сияқты болуы тiптi қажеттi
емес. Бiрақ адам оны өзiне ұқсатып көргiсi келедi... Ал бiзге ең жақын
орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелiк жыл екенiн ескер-
сек (яғни секундына 360 мың км. жылдамдықпен ұдайы 5 жыл ұшу
қажет!!!) және А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясына сай ондай
жылдамдықтың шеңберiнде заттың салмағы күрт өсiп, кеңiстiктегi
алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, онда қайсыбiр тiршiлiк түрi
мұндай қашықтықты өте алмайтындығына көзiмiз жетедi. Сөйтіп,
ғылыми тұрғыдан қарағанда, «тәрелке мифiнiң» орынсыз екенiн көруге
болады. Мiне, бұл – Ф.Бэконның айтқан тектiк идолдарының бүгiнгi
таңдағы бiр көрiнiсi ғана.
Екiншi елес – ол
үңгiр
идолы (idola specus). «Әрбiр адам белгiлi бiр
отбасында, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп, тәрбиеленедi, ересек адамға
айналады. Бiреу – адам түгiл, Құдай да ұмытқан ауылда, екiншiсі –
аудан орталығында, үшiншiсі астанада, ия болмаса үлкен қалада
туып, тәрбиеленедi. Бiреу кедей, екiншi ауқатты отбасында өсiп-өнедi,
көбiнесе соған сәйкес бiлiм алуға, өмiрде өз орнын табуға мүмкiндiктер
ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзiнiң зор ықпалын тигiзбей
қоймайды. Ол сол өзiн қалыптастырған «үңгiрден» дүниеге қарайды,
ал оның өзi «табиғаттың сәулесiн әлсiретiп бұрмалайды», – дейдi ұлы
ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы – дүниеден алған жеке тәжiрибенi
жалпыхалықтық тәжiрибемен ұштастыру болмақ.
Үшiншi –
Достарыңызбен бөлісу: