154
жұлдыздардың әрбіреуі – өзінше Күн және олардың да планеталары
бар. Ал
онда өмір, рух болуы мүмкін», – деген батыл болжам айтты.
Әрине, мұндай көзқарастың тарауына христиан шіркеуі үзілді-кесілді
қарсы болды.
Сондықтан ол 1592 ж. ұсталып, түрмеге түсті. Инквизиторлар сегіз
жыл бойы ұлы ойшылға: «Көзқарастарыңнан бас тартсаң, өміріңді
қалдырамыз», – деді. Бірақ Д.Бруно
олардың ықтиярына көнбей,
ақырында отқа жағылды.
Қорыта келе, философия бірте-бірте діни көзқарастан алшақтап,
ақыл-ой елегінен өткізілген нақтылы өмірден алған тәжірибеге сүйене
бастады. Табиғат жөніндегі ғылыми деректердің,
табиғи құқық және
моральдық мәселелердің мәні өсе бастады. Ал бұл үдерістер Жаңа
дәуірдегі ғылымның, жалпы танымның негіздерін қайта қарауға,
философияның жеке ғылымдармен тығыз
байланысының орнығуына
әкелді. Сонымен, келесі тарауда жаңа капиталистік қоғам дүниеге келіп
тудырған философияға тоқталатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: