Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет155/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   521
алдын ала орнатылған 
сәйкестiктiң
негiзiнде өмiр сүредi.
Дүниеде алдын ала сәйкестiк орнату мәселесi Лейбництiң 
теодицея
деген ұғымымен берiледi (teos – грек сөзi, құдай, dike – әдiлеттiлiк, 
бүкiл сөз Құдайды ақтау идеясын бередi). 
Монаданың iшкi өзгеру даму сатысын көрсету үшiн, Лейбниц тағы 
да оны адамның жан дүниесiмен салыстырады. Түйсiктер, аңдау, 
қабылдау, өзiндiк сана – бұл рухани даму сатылары. Монадалар адам-
дар сияқты осындай сатылардан өтедi.
Ең төменгi дәрежедегi монадалар, негiзiнен, тау-тас, жер, шөптерден 
тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар «түс көрмей 
ұйықтайды».
Екiншi сатыдағы монадалардың түйсiктерi, аңдаушылық қасиеттерi 
бар. Олардың сана-сезiмi әлi көмескi, iс-әрекеттерi әлi енжар болып 
келедi. Оларға, негiзiнен, жануарларды жатқызуға болады.
Үшiншi, бiзге белгiлi монадалар – адамдардың жан дүниесi. Бұл 
монадалардың есi, ойлау қасиетi, өзiндiк сана-сезiмi бар.
Төменгi дәрежедегi монадалар жоғарылауға, келесi сатыға өтуге 
тырысады. Адамның жан дүниесiн құрайтын монадалардың өзi 
енжарлық сезiмдiктен, ғылыми ұғымдар мен фантастикалық қиялдарға 
дейiн өрбидi. Жоғарғы сатыдағы монадада төменгi сатылар сақталады.
Олай болса, монадалар дамуының ең «соңғы» сатысы қандай болмақ 
және олар қаншалықты адамның рухынан қашықтықта?
Лейбниц бұл сұрақтарға жауап беру мүмкiн емес деген пiкiр айтады, 
өйткенi жоғары дәрежедегi монадаларды төмендегiлер танып-бiле 
алмайды. Бiрақ күмәнсiз бiр нәрсе бар – ғарышта жердегi адамдардан да 
жоғары дамыған тiршiлiк болуы мүмкiн.
Жалпы алғанда, монадалардың даму мүмкiндiктерi шексiз. Ал 
шексiздiктiң шеңберi жоқ, бiрақ шексiздiктiң өзiн шеңбер ретiнде 
қарасақ, онда бiз Құдай идеясына келiп тiрелемiз. Ол – шегiне жетiп, 
жетiлген монада.
Бұл идеялардың негiзiнде Лейбниц қоғам өмiрiн жақсартуға да 
бiрте-бiрте реформалар арқылы жетуге болады деген пiкiр айтады. 
Ал қайсыбiр революция, негiзделмеген терең төңкерiс қоғамды көп 
зардапқа әкелуi мүмкiн. Әрине, Лейбництiң бұл идеясында терең сыр 
жатыр, оны бiз өзiмiздiң қоғамды жаңарту барысында есте сақтауымыз 
қажет.


176


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет