Серік Мырзалы философия оқу құралы


Мемлекет пен құқық мәселелерi



Pdf көрінісі
бет189/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   521
Мемлекет пен құқық мәселелерi
Фихтенiң ойынша, адам қашанда әлеуметтiк пенде ретiнде ғана өмiр 
сүре алады. Олай болса, адамдардың қарым-қатынасын ретке келтiрiп 
отыратын заңдар әрқашанда қоғамға қажет. Осы себептi, Фихте адамзат 
тарихындағы табиғи, иә болмаса мемлекетке дейiнгi сатыны толығынан 
терiске шығарады. Мемлекет әрдайым дүниежүзiлiк тарихта болған.
Бiрақ, соған қарамастан, мемлекет адамдардан жоғары тұрған 
мақсат-мұрат емес, ол – тек қана қоғамды ұйымдастырудың, адам-
дардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, ғылым мен бiлiмдi, өндi-
рiстi ұйымдастыратын құрал ғана. Олай болса, халықтың мемлекеттi 
әрқашанда бақылап отыруға деген құқы бар. Мемлекет саласында iстеп 
жатқан шен иелерiнiң алауыздығы мен жемқорлығын сынай келiп, 
Фихте: «Мемлекет – кажеттi зұлымдық, бiрақ адамдар мыңдаған жыл-
дардан кейiн адамгершiлiк тұрғысынан кемелiне келген кезде, мемлекет 
қажет болмай қалады», – деген пiкiрге келедi. – Сонда ғана, моральдық 
жетiлудiң негiзiнде нағыз адамның «табиғи ахуалы» дүниеге келiп, 
мемлекет, құқық, шiркеу деген құбылыстар келмеске кетедi, – деп 
қорытады ұлы ойшыл.
Шамасы, Фихтенiң бұл ойлары К.Маркс пен Ф.Энгельстiң 
көзқарастарына зор әсерiн тигiзген болуы керек, өйткенi олар адамзат 
тарихындағы болашақ коммунистiк қоғамда да дiн, құқық, мемлекет 
деген нәрселер «жаңа адамға» қажет болмай қалады деп болжаған бола-
тын.
Фихтенiң екiншi – жоғарыдан ұйымдасқан «жоспарлы эконо-
миканы» жасау, адамдардың бiлiм алуға және еңбекке деген құқын 
қамтамасыз ету, сыртқы басқа елдермен сауда-саттықты жасауды 
толығынан мемлекетке беру идеялары да күмән туғызбаса керек.
Әсiресе, қазiргi өтпелi қоғамдағы үлкен қиындықтарды жеңу 
жолында, Фихтенiң кейбiр ойларын жандандыратын ахуал қалыптасып 


215
жатыр. Бiз қоғамды жаңарту жолында бүкiладамзаттық қауымның бiр 
бөлiгi ретiнде «ашық қоғам» болуымыз керек деген тұжырымға жарма-
сып, елдегi көп өндiрiстер шетелдерден келген тауарлардың қысымына 
шыдай алмай, тоқтап қалды. Екiншi жағынан алғанда, бүкiл сыртқы 
экономикалық байланыстарды өз құзырына алған бұрынғы Кеңес 
мемлекетiнiң өндiрiстi қандай тұйыққа әкеліп тірегенін жақын тарих-
тан жақсы бiлемiз.
Сонымен қатар «ашық қоғамға» деген ұмтылыс бiздi тағы да 
бодандықтың астыртын түрiне, трансұлттық корпорациялардың 
билеп-төстеуiне әкелiп соқпас па екен? – деген күдiк тағы да бар. 
Бұл мәселелер оқырманның өз ойын тудырып, қазiргi тұйықтықтан 
шығатын жолды табуға өз үлесiн қосар ма екен деген үмiттемiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет