Серік Мырзалы философия оқу құралы


табиғат – өз-өзiне жеткiлiктi, дербес емес, ол тек қана  объект, зат



Pdf көрінісі
бет188/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   521
табиғат
өз-өзiне жеткiлiктi, дербес емес, ол тек қана 
объект, зат, 
кедергi.
Оны субъект – «кiшi Мен» әрқашанда iс-әрекет арқылы бұзып, 
игерiп, өзiн-өзi толықтырып, «Үлкен Менге» жақындай түседi. Алайда 
«кiшi Мен» мен «Үлкен Мен» бiр-бiрiне толық ұласып кетпейдi: ондай 
жағдайда ешқандай iс-әрекет қажет болмай қалар едi. Сондықтан бүкiл 
адамзат тарихы – «Үлкен Менге» – Дүниежүзiлiк рухқа өне бойы шексiз 
жақындау.
Сонымен, «Үлкен Мен» Дүниедегi барлық субъектiлер мен объек-
тiлердi жаратады. Оның барлық тiрi адамдардың санасына қарым-
қатынасы бар, бiрақ ол өзi шексiз болғаннан кейiн, нақтылы тұлға бола 
алмайды.
Ал ендi адамның тұлғалық өзiндiк санасына келер болсақ, ол тек 
қана өзiнiң «мен еместен», яғни табиғаттан айырмашылығын түсiне 
келе ғана пайда болады. Олай болса, субъектісiз объект жоқ, объектісiз 
субъект жоқ. Олардың өзара байланысында, әрине, субъект шешушi рөл 
атқарады, оның рухани күштерi, шығармашылық iс-әрекеттерi айнала 
қоршаған ортаны өзгертуге бағышталған. Өзiнiң iшкi мүмкiндiктерiн 
сыртқа шығарып қана тұлға өз-өзiн орнықтыра алады, яғни ерiктiкке 
жетедi.
Материалдық дүниенi – Табиғатты игеру тарихы, Фихтенiң ойынша, 
адамзат мәдениетiнiң қалыптасып дамуымен тең. Осы үдерісте адам 
тек қана табиғатты игерiп қана қоймай, сонымен қатар өзiнiң табиғи 
негiздерiн де жетiлдiруі керек, сонда ғана ол бақытқа жетедi. Осы арада 
бiз Фихтенiң тарих философиясына жақындап қалдық.
Тарих философиясы
Тарих мәселелерiн Фихте идеалистiк мақсатқа лайықтылық жолмен 
шешедi. Абсолюттiк «Мен» (Үлкен Мен) – тарихи дамудың қайнар көзi, 
анықтамасы және мақсат-мұраты. Тарих дегенiмiз – ол дүниежүзiлiк 
зерденiң қалыптасып, күрделенiп, шексiз алға ұмтылуы. Әрине, ол жеке 
адамдардың iс-әрекеттерi мен шығармашылық шабыты арқылы жүзеге 
асады.


214
Фихтенiң ойынша, тарих алға қарай жылжыған сайын, адамның 
ерiктiгiнiң де өрiсi кеңейе бередi. Адамдар өзiнiң алдына қойған мақсат-
мұраттарын iске асыру жолында табиғатпен (Мен емес) күрделi қарым-
қатынасқа түсiп, оның қойған қиын кедергiлерiн жеңiп, белестерiнен 
өтедi. Олай болса, ерiктiк өрiсiнiң кеңеюi бiлiмнiң өсуiмен тығыз бай-
ланысты. «Ерiктiктiң болмысы өзiнiң iшкi бiтiмi мен мәнi тұрғысынан 
алып қарағанда бiлiмге тең», – деген пiкiрдi Фихте басым айтады. 
Қоғам өмiрiндегi адамның өз дарындарын шексiз жетiлдiруге қарай 
ұмтылысы – тарихтың өзегiн құрайды. Ал осы ұмтылысқа жасалатын 
сыртқы құрал – ол мемлекет пен құқық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет