Серік Мырзалы философия оқу құралы


iшкi көкейкөзi (интуиция)



Pdf көрінісі
бет250/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   521
iшкi көкейкөзi (интуиция)
ашылып, аян 
арқылы ол Алла тағаламен сұхбаттаса алады.
Мiне, осындай сопылық философияның Орта Азиядағы көрнектi 
өкiлi ретiнде 
Қожа Ахмет Яссауи 
(1094-1167 жж.) бабамызды айтуға 
болады. Ол халықтың дiлiнде аса ұлы дiни қайраткер ретiнде осы 
уақытқа дейiн сақталған: «Меккеде – Мұхаммед, Түркiстанда – Қожа 
Ахмет!» – деген сөздердiң өзi оны бiзге ашық көрсетедi. Осы уақытқа 
шейiн жеткен негiзгi еңбегi – 
«Диуани Хикмет»
(Даналық кiтабы). Бұл 
еңбектi, негiзiнен, адамның рухани даму жолын жарқырытып көрсетiп 
тұратын шамшырақ ретiнде қарауға болады.
Қ.А.Яссауи философиясында қойылған 
негiзгi мәселе
– ол 
адам 
болмысы
, ал оның өзiнiң екi жағы бар. Бiрiншiден, адам – 
дене
, оның 
қажеттiліктерi өтелмей өмiр сүру мүмкiн емес; екiншiден, адам – 
рух

ол – оның басқа тiршiлiктермен салыстырғандағы 
негiзгi ерекшелiгi

баға жетпейтiн үлкен қасиетi. Бұл арада Қ.А.Яссауи адамның терең 
мәнiн үзiлдi-кесiлдi оның рухани тұңғиығынан iздейдi. Бұл көзқарас 
ХХ ғ. өмiр сүрген немiс ойшылы К.Ясперстiң «нағыз адамның өмiр 
сүру ахуалы – рухани ахуал» деген сөзiмен үндеседi. Өзiнiң жас 
кезiндегi пендешiлiктiң шырмауында болғанын жасырмай сынай келiп, 
ұлы ойшыл былай дейдi:
«Жиырма тоғыз жасқа кiрдiм, халiм харап,
Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ.
Халiм харап, бауыр кәуәп, көз бұлдырап, 
Сол себептен хаққа сиынып келдiм, мiне».
Пендешiлiктiң (байлыққа, билiкке, дене ләззаттарына ұмтылу т.с.с.) 
жолында адам өз өмiрiнiң мәнiн ашып, адамгершiлiк қасиеттерiн сақтап 
қалуы мүмкiн емес: ол жалған жолға түседi.
«Нәпсiге сен ерiк берсең, не тiлемес,
Еңiресең де Алла саған мойын бұрмас.
Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас...» – дейдi ұлы ойшыл.
Сондықтан Алла тағалаға жақындау жолы – пендешiлiктен арылу, 
нәпсiнi тыю. Ойшыл бұл жолдағы өнегелiлік мысал ретiнде Парсы елі 


282
патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтiредi. Руми Джалаледдин 
ол аңыз туралы былай дейдi:
«Бiр күнi Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу 
естидi. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап 
алып, Әдхамның алдына әкеледi. «Мұнда не iстеп жүрсiңдер?» – деген 
сұраққа, олар: «Түйелерiмiздi iздеп жүр едiк», – дептi. «Қай заманда 
кiм түйенi шатырдан iздеген екен?» – деген сұраққа, олар: «Бiз сенен 
өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламен жақындасқың келмей 
ме? Қай заманда кiм осындай орыннан Құдайға жақындап еді? – дептi. 
Осыдан кейiн Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезiп, дәруiштiк жолға 
түскен екен». Мiне, Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етiп былай дейдi:
«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргiл,
Тiлек берсең, дүние қызығын тепкiм келер».
Сопылық философияның көрнектi өкiлi Баязиттi де өнеге тұтып: 
«Шайық Баязит жетпiс рет өзiн сатты,
Бұл дүниенiң бар қызығын тастап атты», – дейдi.
Әрине, мұндай пiкiрлер кейбiр оқырмандардың дүниеге деген 
көзқарасына сай келмеуi мүмкiн. Бүгiнгi жеке меншiктi қалып-
тастырып, оны ары қарай дамыту жолында «баю идеологиясы» көп 
насихатталғаны баршаға мәлiм. Саяси тұрғыдан алғанда, ол керек те 
болған шығар, өйткенi бұрынғы Кеңес Одағындағы өндiрiстi жаппай 
мемлекеттендiру адамдардың өндiрiстi дамытуға деген ынталарын су 
сепкендей басып, өндiргiш күштердi тоқыратқан болатын. Негiзiнен
сол себептi ол қоғам да құлдырап, келмеске кеттi емес пе? Алайда тек 
дүние қуу жолында дұрыс қоғам орнату мүмкiн бе? Әрине, жоқ. Бұл 
жөнiнде Қ.А.Яссауи былай дейдi:
«Дүние менiкi дегендер, жаһан малын алғандар –
Құзғын құстай арамға белшесiнен батқандар.
Молда, мүфти болғандар, жалған жала жапқандар,
Ақты қара қылғандар – ол тамұққа түседi.
Қазы, имам болғандар, нақақ жала қылғандар –
Есектей болып жегiлiп, жүк астында қалады.
Пара алған әкiмдер, арамдықпен жүргендер –
Өз бармағын өзi шайнап, өкiнiшпен қалады».
Ол өз заманындағы рухани-адамгершiлiк ахуалға көңiлi толмай, 
ондағы кемшiлiктердi қынжыла сынайды:
«Үлкен-кiшi адамдардан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет