Серік Мырзалы философия оқу құралы


жаңарту арқылы көптен берi созылған  халықтың ауруы  қараңғылық



Pdf көрінісі
бет283/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   521
жаңарту
арқылы көптен берi созылған 
халықтың ауруы 
қараңғылық
пен 
ерiншектiк

енжарлықтан құтқару 
мақсатын қойды.
А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудiң негiзгi 
жолы – 
демократиялық үдерiстi
дамыту, 
адам құқықтарын
сақтау, 
«Мемлекеттiң Думаның» мүмкiншiлiктерi қандай шолақ болса да, 
бәрiн 
заңды жетiлдiру
арқылы жету деп есептедi. «Тағы да халық соты 
жөнiнде» деген «Қазақ» газетiнде 1911 ж. жарық көрген еңбегiнде ол 
«Сайлау»
деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: 
ол 
рулардың
, я болмаса 
қалталылардың
арасындағы тартыс 
емес

Өкiнiшке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның 
нәтижесiнде билiкке тайыз, арсыз адамдар өтiп кетедi де, ойларына не 
келсе соны iстеп, пара алып, жемқорлық жолына түседi. «Сондықтан 
халық сотына сайлағанда: бiлiмдi, таза, әдiлеттi, халыққа адал қызмет 
ететiн адамдарды таңдай бiлу керек», – деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл 
ойдың бiздiң қазiргi өмiрiмiзге де тiкелей қатынасы барын оқырман 
айтпай да түсiнетiн болар.
Қазақ жерiн қазынаға өткiзiп, одан жерi жоқ орыс шаруаларына 
жер беруге байланысты, соның нәтижесiнде әлеуметтiк-саяси ахуал 
шиеленiсе түстi. Ол ахуалды ұлы жыршы Мағжан:
«Бар жердi күннен-күнге алып жатыр,
Бiреулер алып қала салып жатыр.
Қырылысып өздi-өзiмен қазақ сорлы,
Жерiнен аузын ашып қалып жатыр», – деп ашына толғаған болатын. 
А.Байтұрсынұлы жердi тартып алу, халық бостандығының жойылу 
себептерiне тоқтала келiп, көп жағдайда халықтың зардап шегуi оның 
надандығы мен заңдағы белгiленген 
өз құқықтарын
қорғай алма-
уында
деген тұжырымға келедi. Сондықтан ол «Қазақ жерлерiн алу 
тәртiбi» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз құқықтарының 
қандай екенiн, жерлерiн заңды жолмен қалай сақтап қалуға болаты-
нын айтады. «Жердi жалға алу туралы» деген мақаласында ойшыл 
қазақтардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет