313
«Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,
Бәрiн Құдай қылады дегенге ерме», – деп ескертедi. Әсiресе мына
жолдар бiзге ауадай қажет сияқты:
«Өнер қылма ар сатып жалданбақты,
Ұлық болып елдi жеп мақтанбақты.
Бiреудi жеп, бiреудi табамыз деп,
Қашан жақсы көрушi ек алданбақты».
Қорыта келе, Шәкәрiмнiң философиясы өте биiк, нәзiк те терең,
өз заманынан озған десек, қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руха-
ниятынан тыс бүкiләлемдiк бiлiмге өз үлесiн қосты деп айтуға әбден
болады.
ХХ ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың
философиялық ой-пiкiрлерi
ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең
күйзелiске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлттық сана-
сезiмi өсiп, олар өзiндiк мемлекет құру, төл мәдениетi мен тiлiн, әдет-
ғұрпын сақтап қалу мәселелерiн күн тәртiбiне қоя бастады. Бұл көштен
қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы ХХ ғ. басында өз iшiнен
талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн
жан-тәнiн берген азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше
тұлғалар ретiнде
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаевты
атап өтуге болар едi.
Аталған тұлғалардың көбi өз талпынысының арқасында жан-жақты
бiлiм алып, орыс және басқа тiлдердi меңгеріп, шын шығармашылық
деңгейге көтерiле бiлдi, ал кейбiреулерi (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов
т.с.с.) Ресей жоғары оқу орындарын бiтiрдi.
Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының
бостандығын арман еткен
Достарыңызбен бөлісу: