374
зат, құбылыс
т.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды. Сонымен қатар адам
өз дербестігін, ерекше болмысын сезініп қана қоймай, оны айнала
қоршаған ортамен байланысын, сонда өмір сүріп
жатқан заттар мен
құбылыстардың өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған
тірі жан ретінде тамақ ішуі, баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы
т.с.с. қажет. Бұл қажеттіліктердің өтелуі
айнала қоршаған заттар мен
құбылыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін.
Алғашқы уақытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған зат-
тары әрқашанда
ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын
, бұрын-соңды
оның өмірінде кездеспеген сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір
қажеттіліктерін өтегеннен кейін,
есінде сақталмай қоймайды
. Соны-
мен қатар адам өзінің өмір сүру барысында сол қажеттіліктерді өтей
алатын басқа заттар мен
құбылыстарды да кездестіріп, оларды пай-
даланады. Сондықтан оның басында даралық, жалқылық ұғымымен
қатар, бірнеше,
көп
ұғым пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт
та бір қажеттілікті өтейді. Олардың барын салыстыра келе,
адамдар
олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін
, айырмашылықтарымен
қатар жалпыға бірдей жақтарын анықтайды. Сол себепті шие, алма
мен алмұрттан тыс
жеміс
деген
ұғым пайда болады, ол – аталған
және де басқа жидектердің жалпы қасиеттерін біріктіретін ұғым. Жүре
келе, мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бір
халықтың ойлау жүйесін ары қарай дамытады…
Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда
жалқылық пен
жалпылық болмыс санаттарын талдаудың бастамасы
болып есеп-
телуі керек.
Тарихи-қисындық
тұрғыдан алғанда, солардың адам
тәжірибесі дамуының негізінде, пайда болуының нәтижесінде басқа да
болмыс санаттары дүниеге келіп, өрби бастайды.
Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, онда біз
жалқылық, даралық болмыстың өмір сүру формасы екенін байқаймыз.
Дара, жалқы дегеніміз – кеңістік пен уақыттың шеңберінде шек-
телген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы
нақтылы да шынайы
өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстар дара, жалқы, ешқашанда
қайталанбайтын, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді. Қазақ халқы
оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбен берген. Мысалы,
қазіргі жер бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен бір-
біріне толығынан пішін-түрі жағынан екі ұқсасты табу мүмкін
емес. Сондай-ақ олардың әрбіреуінің ой-өрісі,
руханияты да өзгеше
қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. Элементарлық бөлшектерден
бастап жұлдыздар әлеміне дейін ғалымдар толығынан бір-біріне ұқсас
ешқандай екі затты тапқан жоқ. Қорыта келе, даралық,
Достарыңызбен бөлісу: