Серік Мырзалы философия оқу құралы


дүниенің  біртұтастығымен



Pdf көрінісі
бет393/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   521
дүниенің 
біртұтастығымен
байланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау 
үдерістері – бары де белгілі бір ең жалпы даму заңдылықтарына 
бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сонау көне заманнан бастап, 
дүниетану саласында бір-біріне қарсы тұрған екі көзқарас пайда болды. 
Олар – 
диалектика
және 
метафизика
.
Көне заманда стихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен 
Батыста бірдей қалыптаса бастады. «Дүние – ағым, өзен», – деді Гера-
клит. Қытай данасы Лао-цзы болса, қарама-қарсылықтың бір-біріне 
өтетінін айтып қана қоймай, одан өмірге керек қағидалар шығарды. 
«Қиындықты жеңу үшін жеңілден баста, ұлылыққа жету үшін кішіден 
баста, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек (әйтпесе бақытты 
екеніңді қайдан білесің)…» т.с.с. Грек топырағында ұлы Сократ 
алғашқылардың бірі болып ой қайшылықтарын зерттей бастаса, 
Элеялық Зенон қозғалысты қалайша ой арқылы беруге болатындықты 
зерттеді…
Жаңа дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Г.Гегель адам-
зат рухани өрлеу тарихын ұқыпты зерттеп, диалектикалық ойлау 
әдістемесін жасады.
ХIХ ғ. марксизмде Гегельдің идеялары ары қарай дамытылып, тек ой 
өрісі ғана емес, бүкіл дүниедегі барлық даму үдерістері диалектикалық 
заңдар мен санаттардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен 
қисынның өздері де соларға сәйкес келетіні туралы терең ойлар 
айтылды. Бүкіл ХХ ғ. жаратылыстану мен әлеуметтану нәтижелері – 
диалектикалық әдістеменің салтанатты өрлеуі болды десек, асыра 
айтпаған болармыз. Ең алдымен диалектикалық идеялар қоғамтану 
пәндеріне, содан кейін биология саласына, ХХ ғ. физика, астрофизика, 
химия, геология т.с.с. ғылымдарға кірді.
Бүкіл дүние қозғалыс пен дамуда, ал оның қайнар көзі – 
ішкі 
қайшылықта екенін
барлық ғылым салалары бүгінгі таңда дәлелдеді. 
Олай болса, қайсыбір зерттеуде заттың ең алдымен ішкі қайшылығы 


465
ашылып, оның өзіндік қозғалысы, өзгерісі анықталуы керек. Ол үшін 
ойлау санаттары да бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар 
қайшылықты, бір-біріне өтетін дәрежеге көтерілуі қажет.
Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір-бірімен сансыз 
неше түрлі байланыста болғаннан кейін, диалектикалық әдістеменің 
зерттеуші алдына қоятын келесі талабы – заттың неше түрлі байланыс-
тарын жан-жақты зерттеу. Әрине, ол байланыстардың шегіне жетіп, 
барлығын қамту мүмкін емес. Дегенмен де мейлінше көбірек қамту 
бізді қателіктерден сақтайды.
Дүниеге келген әрбір зат өне бойы бір орында тұрып қалмайды. 
Ол өзгеріске ұшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақырында, 
өмірден озады. Сондықтан диалектиканың негізгі талаптарының бірі – 
зерттелетін нысанға тарихи тұрғыдан қарау.
Дүниеге әр зат өз қайталанбас болмысымен келеді, сонымен қатар 
басқа заттармен ортақ қасиеттері арқылы бірігіп, байланысады. Олай 
болса, әр зат өз ерекшелігімен құнды. Сондықтан қайсыбір зерттеудің 
негіздерінің бірі болып нақтылық қағидасы жату керек, өйткені 
барлығына бірдей дерексіз ақиқат танымда ешқашанда болған емес. 
Диалектиканың әрбір санатының әдістемелік мәні бар, өйткені 
олар дүниенің сан қилы жақтарының ең жалпы, мәнді байланыс-
тарын бейнелейді. Ал дүние қайшылықты жаратылғаннан кейін, 
диалектикалық санаттар жұп-жұбымен бірге, сонымен қатар қайшы-
лықты болып келеді. Сондықтан қайсыбір сандық өзгерістер ертелі-кеш 
заттың өлшемін бұзып, жаңа сапаның пайда болуына, себеп-салдарға, 
шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына, кездейсоқтық қажеттіктің 
іске асуына т.с.с. әкеледі.
Енді диалектикаға қарсы келетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет