467
сөйлеу, өз саяси ұстанымының ақиқаттығына сендіру, халық алдында
өз даналығы мен көрегендігін көрсетумен т.с.с. байланысты болды (тіпті
бүгінгі күнгі біздің өміріміз сияқты!!! Тек біз оны қазір «пиар-техно-
логия» дейміз). Ал ол үшін риторика (әсем сөйлеу өнері), қисын (ойды
дәлелдеу, я болмаса терістеу өнері), философия (даналыққа жету өнері)
сияқты пәндерден сабақ алуға тура келді. Бұл пәндерден сабақ беретін
мамандар тыңдаушылардың талабына сай айтылған ойды қалайша
теріске шығару, бұрмалауға болатыны жөнінде дәріс берді. Осы себеп-
терге сәйкес софистика дүниеге келеді. Сондықтан да грек халқы
«софистика» деген сөзді «жалған даналық» деп түсінді (софистиканың
философиялық негіздерін қалаған Протагор жөнінде осы кітаптың
«Антикалық философияға» арналған тақырыбынан оқыңыз).
Софистика деп саналы түрде жалғанды ақиқат деп, болмаса,
керісінше, дәлелдеу әрекетін айтамыз. Ол, бір жағынан, қоғам өмірінің
күрделілігі, оның шеңберіндегі топтардың әртүрлі мүдделерінің
болуы, екінші жағынан, саясатта үстем топтың өз мүддесін іске
асыру жолындағы іс-әрекетінен шығатыны сөзсіз. Мысалы, бүгінгі
таңдағы аса өткір мәселе – халықаралық терроризмді алар болсақ,
оның шынайы қайнар көзі жыл сайын сарқылып келе жатқан энергия
ресурстарын зорлық-зомбылық жасап, күші келгендердің қайта бөлу
әрекетінен туындайды. Нақтылай келсек, 2003 ж. басталған Ирактағы
соғысқа кінәлі Саддам Хусейннің саяси режимі емес (ақырында, сол
елді АҚШ басып алып, қанша іздесе де, адамзатқа қауіпті бірде-бір
қару-жарақ таппай қойды), АҚШ-тың сол елдің мұнайын өз қолына алу-
ына бағытталған іс-әрекеті жатқаны сөзсіз. Бірақ сол елдің әкімшілігі
неше түрлі софистикалық «дәлелдемелерді» пайдаланып, халықаралық
қауымдастық алдында төккен абыройын жуып-шайып жатқаны …
Эклектикаға
(eklektіkos – грек сөзі, қанша іздесе де, таңдау) келер
болсақ, ол адамның саналы түрде белгілі бір саладағы әртүрлі ымыраға
келмейтін құбылыстарды таңдап, бір арнаға құю әрекетінен пайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: