45
зыншы жылдарында Қытай дүние жүзіндегі
ең дамыған елге, дүние
жүзінің экономикалық орталығына айналмақ.
Қытай елінде болып жатқан жаңару үдерістері сол елдің терең
түп-тамыры – 4-5 мың жылға кететін мәдениетімен, сол халықтың
дүниетанымы мен дүние сезімі (менталитеті),
философиясымен бай-
ланысты. Синологтардың (қытайтанушылар) айтуына қарағанда,
Қытайдың моральдық философиясының негізгі қағидалары бүгінгі
заманның талабына сай келіп, реформаларды жеделдетуге өзінің зор
ықпалын тигізуде.
Ендеше, сол халықтың
тудырған философиясын зерттеп, өзімізге
керек жақтарын ойымызға түйейік.
Қытай философиясына кіріспестен бұрын, бір-екі ауыз сөзді осы
халықтың
мифологиясына арнау керек, өйткені қай халық болса да,
оның мәдениеті мен философиясының түп-тамыры, қайнар көзі сол көне
аңыздарға барып тіреледі. Қытай аңыздарында дүниенің жаратылуына
көп көңіл бөлінген. «Алғашқы тұңғиықтың (хаостың) ішінде үлкен
жұмыртқа пайда болып, оның ішінен дәу алғашқы адам – Пань-Гу
шықты», – дейді Қытай мифологиясы.
Содан кейін ол оң қолымен
сермеп қалғанда, хаос қақ жарылып, жер мен аспан пайда болыпты.
Ары қарай оның тынысы желге айналып, дауысынан Күн күркірейді,
бір көзінен Күн туса,
екіншісінен Ай пайда болады, Дүниенің төрт
бөлігі оның екі қолы мен екі аяғынан, өзендері оның қанынан, жаңбыр
шыққан терінен пайда болыпты.
Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы –
Достарыңызбен бөлісу: