43
экологиялық дағдарысқа келіп тірелген адамзатқа қаншалықты қажет
десеңізші!!!
Ал үнді философиясының негізгі қағидаларының бірі – ахимсаны
(ешқандай тіршілікті жәбірлемеу) алсақ,
оның мән-мағынасы да осы
уақытқа шейін соғыстан құтыла алмай келе жатқан адамзатқа сабақ
болатындай. Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді.
Қорыта келе, біз оқырманды
философия тарихын жете меңгеруге
шақырамыз.
Оның шеңберінде телегей-теңіз дана ойлар, нәзік дүние-
сезімді, таңғаларлық ой-өрістерін табуға болады. Ол сіздің өзіңіз-
дің ой-өрісіңізді кеңейтіп, дүниеге
терең көзқарас қалыптастырып,
өміріңіздің терең мән-мағынасын табуға көмектеседі.
Ендеше, сол философия тарихына саяхатымызды бастайық.
Философияның дүниеге келу мәселесі
Философияның дүниеге келген уақыты ғылымда нақтылы көр-
сетілген. Жалпы алғанда, б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. Шығыста да, Батыста да адам-
заттың ұлы ойшыл-бабалары өмірге келіп,
философиялық ой-пікірді
туғызды. Олар: Қытайда – Лао-Цзы, Кон-фу-Цзы, Парсы елінде – Зара-
тустра, үнді елінде – Гаутама Сидхартха, соңынан Будда (ағарған)
аталған, Грецияда – Сократ, Фалес, Анаксимандр т.б., Палестинада –
Илия, Исая, Иеремия т.б.
XX ғ. немістің ұлы философы К.Ясперс бұл заманды
Достарыңызбен бөлісу: