Серік Мырзалы философия оқу құралы


Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет446/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   521
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы неде?
2. Адамның дүниеге келуі жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?
3. Адамның биологиялық дене ретіндегі құрылымы қандай?
4. Адамның әлеуметтік мәнін сипаттаңыз.


567
5. Адам жайындағы қандай ілімді «әлеуметтік редукционизмге» 
жатқызуға болады?
6. Адамның әлеуметтік ауытқу жолына түсуінің себептері қандай?
7. Адам шығармашылығын қалай түсінесіз?
8. Адамның жан-жақты дамуы дегеніміз не?
9. Адамның өлместігі неде?
10. Адам тұлғаға қалай айналады? Ұлы адам дегеніміз кім?
Рефераттар тақырыптары:
1. Көне философиядағы адам мәселесі.
2. Ортағасырлық философиядағы адам мәселесі.
3. Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесі.
4. Л.Фейербахтың адам туралы философиялық ойлары.
5. Маркстік философиядағы адам мәселесі.
6. Адамның био-әлеуметтік табиғаты.
7. Аутоназия дегеніміз не?
8. Адам өмірінің мән-мағынасы.
9. Адамның өлместігі.
10. Философиядағы антроптық қағиданың рөлі.


568
ХVIII тарау. Жаһандану үдерістерінің 
философиялық астары
§1. Жаһандану дегеніміз не?
Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың 
арманы, бір жағынан, басқа ұлттармен және ұлыстармен кездесу, 
мәдениет үлгілерімен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру т.с.с. болса, екінші, 
шамасы, ешқашанда орындалмайтын – ғарыштағы басқа саналы 
тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан 
алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің 
тәрбиесінде болған Ескендір, Ортағасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс 
хан, Иван Грозный сияқты саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерінің аста-
рында «жаһандану идеясы» жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы 
түрде пайымдамаса да, «ішкі көкейкөзімен» сезген шығар.
Тек бүгінгі таңда, ХХ ғ. аяғы мен ХХI ғ. басында бұл идея бүкіл 
адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алғандай. Кейбіреуге ол 
ұнауы немесе ұнамауы да мүмкін, бірақ бірде-бір мемлекет одан оқшау 
өмір сүре алмайды. Олай болса, жаһандану идеясы философиялық 
тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек.
Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-
техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдас-
тығының қалыптасуы. Ол – біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен 
жүріп жатқан үдеріс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдер-
мен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып 
келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңізге және үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде 
Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Түркиядан 
әкелген туфли, астыңызда Германия немесе Америкадан шыққан жеңіл 
мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан 
шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған 
кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Марок-
кодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген 
тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысал-
дарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге 
мұнай бен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі түсті металдар мен 
таскөмірді және басқаларын жіберіп жатырмыз. 
Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарап, әрине, көкірегі ояу 
азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, 
«жаңа бодандық» ауруына шалдыққан болармыз? Алайда ондай 
тұжырымға келуге әлі ертерек сияқты. Өйткені біздің дербестік алып, 
дамып жатқанымызға бас-аяғы он жылдан сәл артық қана уақыт болды 
ғой. Бүгінгі таңда өкіметтің неше түрлі инновациялық бағдарламалар 


569
қабылдап, «ұлттық қаржы қорын» жасап, өндірісті дамытуға бел бай-
лап, сол жұмыстарға нақтылы кірісіп жатқанын ел-жұрт біледі. Оған 
халқымыз да дайын.
Енді саяси салаға келер болсақ, қазақ елі бүкіл дүниежүзілік 
қауымдастықпен терезесі тең қарым-қатынас орнатуда. Біздің ел дер-
бес мемлекет ретінде мойындалды. Саяси салаға «көппартиялық», 
«адам құқықтары», «құқықтық мемлекет» т.с.с. ұғымдар еніп, өзгеріске 
ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ-ға ғана кіріп қоймай, басқа да 
халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз. 
Бүгінгі таңда қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды 
таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара 
мәдениеті» деген ұғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «отандық 
үлгілері» жасалуда.
Жоғарыда келтірілген қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі 
де Жер бетінде жүріп жатқан жаһандану үдерістерімен байланысты 
екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады.
Қоғамды материалистік тұрғыдан қарау әдістемесінің тұрғысынан 
алып қарағанда, жаһандану үдерісінің негізінде ғылыми-техникалық 
революция жетістіктерін пайдалану арқылы өндіргіш күштердің күрт 
дамуы (тек ХХ ғ. өндіргіш күштердің дамуы өткен 5000 жылдан асып 
түсті!), млрд. тонна тауарлардың бір елден екінші елге өтуі, байла-
ныс жүйелерінің жетілуі сияқты құбылыстар жатыр. Екінші жағынан, 
табиғи ресурстардың жер бетінде әртүрлі шоғырлануы, сондықтан 
елдердің бір-бірімен осы байлықты бөлісу, алмасу мәселелері де 
жаһандану үдерісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. 
Жер бетіндегі мемлекеттердің бір-бірімен жақындасуына, олардың 
арасында пайда болатын қайшылықтарды шешуге екінші дүниежүзілік 
соғыстан кейін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), оның әртүрлі 
салаларды бақылауға арналған мекемелері (ЮНЕСКО, ЮНКТАД т.с.с.) 
үлкен ықпал жасауда. Бүгінгі таңда жүздеген аймақтық ұйымдар 
жұмыс істеуде (Еуропа Одағы, ТМД, АСЕАН, ОАЕ т.с.с.).
Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірімен жақындасуына 
бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өз үлесін қосуда. Бүгінгі 
таңда бірде-бір алыс-жақындағы ел, тіпті сонау Тынық мұхитында 
орналасқан аралдардағы халықтарға дейін адамзаттың назарынан тыс 
қалмайды. Жұмыстан кейін үйге келіп, теледидар немесе радио, интер-
нет арқылы сол күні тек өз еліңде ғана емес, бүкіл жер бетінде қандай 
маңызды оқиға болып жатқаны туралы ақпарат алып, соны өзімізше 
сараптаймыз, өйткені біз оларға немқұрайды қарай алмаймыз. Адам-
зат жетістіктеріне сүйсіне отырып, қателіктеріне бірге өкінеміз. Бүгінгі 
адамзатты: «Ғарыш кеңістігінде Жер деген «кемемен» ұшып бара 
жатқан біртұтас астронавтар командасы», – дер едік. 


570
Келесі назар аударатын нәрсе – жаһандану үдерісі бүкіл адам-
затты «бір қалыпқа» салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені барлығы да 
компьютерлік есептеуден өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы 
керек. Олай болмайынша, сіз өндірген тауарды сырт елдерге шығару 
мүмкін емес. Сондықтан миллиондаған адамдардың киген киімінде, 
мінетін машиналарында, үйіндегі жиһаздарда, тіпті демалатын орында-
рында, музыка мен өнерде әсіресе бұқаралық мәдениетте біркелкілікке 
деген ұмтылысты байқаймыз.
Сонымен қатар бүгінгі адамзат әртүрлі мата қиықтарынан жасалған 
кәдімгі қазақтың көрпесіне де ұқсас. Өйткені әр елдің, халықтың 
мыңдаған жылдар бойы жинаған мәдениет үлгілері, тілі, ділі, әдет-
ғұрпы бар. Ол оған аса қымбат. Біз оның тіпті бағасы жоқ дер едік, 
өйткені өз төл мәдениетінен айырылған халық тарих сахнасынан 
жоғалып кетеді. Ал ондай жағдайдың орын алуы адамзаттың өшпес 
күнәсі болар еді. Әр халық басқа елдерге ең алдымен өз мәдениеті, 
өмір салтымен қызықты. Бүгінгі таңдағы адамзатты шыны мен бетон-
нан жасаған биік ғимараттармен таңғалдыра алмайсың, ол оған таңсық 
емес. Ал Біржан сал, Тәттімбет, Сегіз серінің т.с.с. ұлы перзенттердің 
өлеңдері, ғұлама Абайдың қара сөздері, көне заманнан сақталған эпос, 
дастандар оларды, шынында да, таңғалдырып, осындай бабаларымызды 
тудырған халыққа деген ізгі ықыласын оятатынына біздің күмәніміз 
жоқ.
Жаһандану үдерісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың 
ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктерімен, жаңа техно-
логиялармен алмасуға әкеледі.
Сонымен қатар жаһандану үдерісі біршама бүкіладамзаттық 
теріс салдары бар қиындықтар тудырып отыр. Енді оларды қысқаша 
сипаттайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет