Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты



Pdf көрінісі
бет443/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   521
§ 3. Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
Адам – қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан, денесі, екінші 
жағынан, санасы, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа 


555
тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену, ұрпақ жалғастыру т.с.с. 
қажет. Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын 
іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер жануарды 
оның түйсіктері итермелесе, адам өз түйсіктерін әлеуметтік нормаларға 
бағындырады, ол – өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, 
адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әртүрлі шешіледі. 
Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте 
биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да 
төмен қояды.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы 
тұрған 
биологиялық және әлеуметтік редукционизмді
келтіруге 
болар еді.
Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері 
асыра бағаланып, олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген 
пікір қалыптасқан. Оған нәсілшілдік, ломброзиандық, әлеуметтік-
дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады.
Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең бірін-
шісі – ақ түсті адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бәрін – артта 
қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен деп түсінеді. 
Қара нәсілшілдік отарланған Африка континенті халықтары өз 
бостандығын алғаннан кейін, олардың ұлттық сана-сезімі өсуімен бай-
ланысты «негритюд» сияқты ілімдерде кездеседі. Ол қара адамдардың 
дүниені ақыл-оймен емес, сезім, түйсік арқылы терең игеруі, әуендегі 
ырғақ пен спортқа деген басқалардан гөрі қабілеттерінің молдығы т.с.с. 
мақтан етеді.
Сары нәсілшілдік те ақтарды «піспеген», қараларды «күйіп кет-
кенге» теңейді.
Бүгінгі таңдағы жаһандану заманында, елдер мен халықтардың 
бір-бірімен терең қатынастарға түсуі, бір-бірімен жетістіктерін бөлісуі 
қайсыбір нәсілшілдікті тамырынан шабады. Бүгінгі уақыттың қойған 
«талабына» барлық халықтар өзіне тән «жауап» іздеуде. Өндіргіш 
күштерді қазіргі замандағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне 
сәйкес дамытқан елдер ішінде Оңтүстік Африканы (қаралар), Жапо-
нияны (сарылар), Германияны (ақтар) мысал ретінде келтіруге болар 
еді. Спорт, әуен, өнер, сәулет т.с.с. қоғам салаларын алсақ, онда да 
осындай жағдайды аңғаруға болады. Ең соңында, олардың түп-тамыры 
бір екенін генетикалық тұрғыдан дәлелдеуге болатын сияқты. Мысалы, 
ақ пен қара қосылған отбасында өмірге келген сәбиді мулат дейміз. Ал 
сары мен ақтың баласы метис аталады. Бұл әртүрлі нәсіл өкілдерінің 
бір-біріне генетикалық деңгейдегі сәйкестігін көрсетеді. Қайсыбір 
қарапайым өмірде сирек болса да кездесетін нәсілшілдік сол адамның 
надандығын, я болмаса ұлтшылдық пиғылын көрсетсе керек.


556
Өткен ғасырдың басында Чезаре Ломброзо деген итальяндық психи-
атр, антрополог түрмедегі адамдардың дене құрылысын зерттей келе, 
қылмысқа баратын адамдардың биологиялық табиғаты қазіргі адамның 
деңгейінен төмен болуымен байланысты деген пікір айтқан болатын. 
Мұндай көзқарас уақытында біршама заңгерлер, дәрігерлер мен психи-
атрлар арасында қызу айтыстарға әкеліп, ломброзиандық деген ағымды 
тудырды. Ч.Ломброзо мысал ретінде ондай адамдардың төменгі жақ 
сүйектері үлкен, маңдайы қысқа, қабақтары бір-бірімен қосылып кет-
кен, көздері терең орналасқан, қолдары ұзын т.с.с. дейді. Ол мұндай 
дене құрылысы бар адамдар әлеуметтік ауытқуға әсіресе қылмыстыққа 
өте жақын деген пікір айтады. Бұдан кейін жүргізілген зерттеулер 
бұл пікірдің жалған екенін айқындады, өйткені қылмыстық, негізінен 
алғанда, – әлеуметтік құбылыс. Дегенмен де кейбір адамдарға мұндай 
пікір осы уақытқа дейін өз әсерін тигізуде.
Әлеуметтік дарвинизм бағыты да қоғам өмірін адамдардың өмір 
сүру үшін күресінен, табиғи таңдау, тұқым қуушылықтан көреді, яғни 
биологиялық эволюционизм заңдылықтарын қоғамға таңады.
Социобиологияға келер болсақ, олар жоғарғы дәрежеде ұйым-
дасқан жануарлардың да әлеуметтік қасиеттерінің бар екенін айтады. 
Мысалы, жануарлардың альтруистік түйсіктері (баласын қорғап қалу 
жолында өз өмірін беруге дайындығы, оған деген қамқорлығы, үйір 
шеңберіндегі өзара көмек беру т.с.с.) Ч.Дарвиннің ашқан биологиялық 
эволюционизм принциптеріне қайшы келеді. Расында да, тек қана жеке 
организмнің қоршаған ортаға бейімделіп, өмірін сақтап қалуынан үйір 
шеңберіндегі өзара бірігіп іс-әрекет жасау туындамайды. Бұл пікірмен 
келісуге болады. Сондықтан олар эволюциялық үдеріс тиімді жүруі 
үшін, жеке организммен қатар үйір болып қоршаған ортаға бейімделу 
қажеттігін көрсетеді. Олай болса, олар әлеуметтіліктің алғашқы 
негіздері үйірдің шеңберінде пайда болатыны жөніндегі қорытындыға 
келеді. Мұндай көзқарас даму тұжырымына қайшы келмейді, өйткені 
қайсыбір жаңаның ұрығы ескінің ішкі шеңберінде пайда болады. Бірақ 
мұндай қорытудан қоғамдағы құбылыстардың іргелі негізі биологиялық 
үдерістерде жатыр деп есептеу жалған болар еді.
Енді әлеуметтік редукционизмге келсек, оның шынайы өкілі ретінде 
марксизмді қарауға болады. Бұл ілімдегі түсінік бойынша, адамның 
терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан «қоғамдық қатынастар 
жиынтығы» құрайды, яғни ол – оның әлеуметтілігінде. К.Маркстің 
жасаған коммунизм ілімінің негізгі іргетастарының бірі ретінде осы 
адам жөніндегі тұжырымдама жатыр. Коммунистік қоғамда тек қана 
биік дәрежеге жеткен өндіргіш күштер ғана емес, сонымен қатар «жаңа 
адам» дүниеге келеді, өйткені қоғамдық меншікке негізделген адам-
дар арасындағы қатынастар мен байланыстар оны қажетті түрде туды-


557
рады. Сондықтан да ол қоғамда саяси-құқықтық сала (мемлекет, құқық, 
түрме, тергеу мекемелері т.с.с.) керек болмай қалады, адамдар тек 
моральдық құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді.
Осы айтылған «жаңа адамды» қалыптастыру жолында тарих 
қойнауына кірген Кеңес Одағында ондаған жылдар бойы халық ара-
сында миллиондаған лекциялар мен сұхбаттар жүргізіліп, қаншама 
арнаулы тәрбие жұмыстары жасалса да, ол сол бұрынғы адам болып 
қала берді…
Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік табиғаты мо-
йындалды. Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға 
тәуелді. Күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне 
(ауа қысымының өзгеруі, геомагниттік дауылдар, Күн сәулесінің 
күшеюі т.с.с. табиғи құбылыстардың адамға тигізетін ықпалы) тәуелді 
екенін емші болмасақ та байқауға болады. Адамның өмір сатылары 
да биологиялық заңдарға (өмірге келу, балалық, жастық шақтар, ере-
сек өмір, кәрілік, дүниеден озу) тәуелді. Әрбір адамның тарихтағы 
қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық 
ерекшелігінде жатқанын мойындамасқа болмайды. Мұндай деректерді 
жалғастыра беруге болар еді.
Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында 
әлеуметтік факторлардың орасан зор рөлін көрсетпесе, тағы да бол-
майды. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда адамның орта жасы 
25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді. 
Егер әуенге деген аса дарыны бар сәби дүниеге келсе, оған арнаулы 
білім беріп, оны әлпештеп өсірсе, ол ұлы композитор немесе орын-
даушы болуы мүмкін. Бірақ ондай жағдай жасалмаса, оның дарыны 
сөніп, асып кеткенде, «ауылдың домбырашысы» ғана болып қала 
береді. Ғасырлар бойы қаншама аса дарынды адамдар дүниеге келіп, 
әлеуметтік жағдайдың жоқтығынан «ашылмаған гүл» секілді келмеске 
кетті десеңізші!!! Қоғам өміріндегі әрбір тұлғаны гүлдетіп, жан-жақты 
дамыту осы уақытқа дейін адамзаттың орындалмаған арманы болды 
десек те жеткілікті.
Адамзаттың ғылыми-техникалық орасан зор қарқынмен дамуы 
бүгінгі таңда адам өміріне бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлерді 
тудыруда. Бірінші күрделі мәселе – жантүршігерлік күші бар соғыс 
қару-жарақтарының жыл сайын жаңа түрлерінің пайда болуы. Егер 
бұрын жеке адамдар өлгенімен, бүкіл адамзат өмірде қала беретініне 
ешкім күмәнданбайтын. Бүгінгі таңда адамзат толығынан құрып кетуі 
мүмкін. Ол әрбір адамды алаңдатып отыр.
Екінші үлкен қауіп – экологиялық апаттың бүкіл жер бетінде етек 
алып кетуі мүмкіндігі. Өйткені лас ауа мен суға қоятын мемлекеттік 
шекара жоқ!! Бүгін адам өмір сүруінің екі жағы бір-біріне қайшы келді. 


558
Бір жағынан, біз табиғаттың ажырамас бөлігіміз, ол – біздің арғы ана-
мыз. Екінші жағынан, саналы адам алдындағы жатқан дүниені танып-
біліп, өз мүдделеріне сай өзгертеді. Сол себепті көп жерлер ластанып, 
өсімдіктер мен жануарлардың біршама түрлері өмірден келмеске кетті, 
табиғат әлсіреуде.
Табиғаттың байлығы шексіз, одан қаншалықты алсаң да азаймайды 
деген бұрынғы заманда қалыптасқан пікір жалған болып шықты. 
Табиғат алдымызда жатқан «айнала қоршаған орта» ғана емес, ол – 
біртұтас орасан зор организм, «үлкен жүйе», оның ішіндегі барлық эле-
менттер бір-бірімен миллиардтаған жылдардың ішінде тиімді байланыс 
құрды. Адамзаттың өзі осы жүйенің ішінде белгілі бір орын алады. 
Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа страте-
гиясын жасамай, өз-өзін құртып алуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған қауіп-қатерлерден кем емес, бірақ та қоғамдық 
сананың назарына әлі дұрыс ілікпеген үлкен мәселе адамның тұлға 
ретіндегі био-әлеуметтік табиғатын сақтап қалуы болып отыр. Кейбір 
ғалымдар оны «антропологиялық дағдарыс» дейді. Оның терең мәні – 
адамзат жыл сайын ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене 
отырып, өз дүниесін күрделендіруде. Ол оның жақсы жақтарын 
пайдаланғанмен, өмірге келеңсіз, өз табиғатына қарсы жатқан сал-
дарларды тудырып, көп жағдайларда оны бақылай алмай қалады. 
Адам дүниені қаншалықты терең өзгерткен сайын, соншалықты теріс 
әлеуметтік факторлар пайда болып, оның өмір сапасын төмендетеді. 
Дүниенің тез қарқынмен дамуы адамды өз ұлтының әдет-ғұрыптарынан 
айырып, басқа мәдени үлгілерді игеруге, «ол жақта, я болмаса бұл жақта 
да емес» маргиналдық ахуалға әкелетінін бүгінгі таңдағы реформа 
барысында көріп жүрміз.
Енді мәселені нақтылай түсіп, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын 
адами тұрғыдан талдасақ, біздің мемлекеттің бұл мәселеге көп көңіл 
бөліп жатқанын байқаймыз. Негізгі жетістік – адамдардың қоғам 
өмірінің қай саласы болса да, белсенділік көрсетуіне, яғни олардың өз 
ынтасының арқасында дамуына жол ашылды. Тәуелсіздік алғаннан бері 
біздің елде қаншама жастар өнер, білім, спорт, саясат, экономика сала-
ларында шығармашылық деңгейге көтеріліп, өз мүмкіндіктерін өмірде 
іске асырып жатыр! Десек те, істейтін нәрселер әлі – шаш етектен. Ең 
алдымен елде етек алып кеткен туберкулез, гепатит сияқты «әлеуметтік 
ауруларды» алсақ, ішетін суды, ауаны тазартпай, жейтін тамақты 
күшейтпей, оларды жеңе алмаймыз. Жұмыссыздық, көп жастардың 
баспана мәселесінің көп жылдар бойы шешілмеуі де адам дамуының 
әлеуметтік факторына жатады.
Қорыта келе, адамның биологиялық және әлеуметтік жақтарын 
ажыратпай, бір-бірімен байланыстырып қарау керектігін баса айтуы-
мыз қажет.


559


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет