49
шешу керектігін айтады. Сондықтан қашанда соғысты бірінші болып
ашудан бас тартқан жөн деп есептейді.
Конфуций ілімі – Қытайдың моральдық философиясы
Конфуций (551-479 б.ғ.д.) –
Қытай халқының ұлы ойшылы, саяси
қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін
өзінің ықпалын тигізіп
келе жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізгі еңбегі –
«Лунь-уй» (әңгімелер мен пікірлер).
Конфуций философиясында қойылған онтологиялық (болмыс)
мәселелерге келер болсақ, ойшыл өзінің болмысқа, дүниеге
деген
жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрістің шеңберінде
болған. Аспандағы дао заңдылықтарына табынып, тағдырға сенген.
Мысалы, «Лунь-уй» кітабында: «Аспан жөнінде не айтуға болады?
Жылдың
төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі. Басқа
не айтуға болады? Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса,
оны нағыз
ерге жатқызуға болмайды», – дейді ұлы ойшыл.
Достарыңызбен бөлісу: