Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет11/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   422
Байланысты:
2 (1)

ізденіс, ұмтылыс тудыру болмақ.
Екінші жағынан, ұлттық философиядағы өмір құндылықтары 
терең зерттеліп, олардың адамды қалыптастырудағы, тәрбиелеудегі 
мүмкіншілігі қазіргі өтпелі заманда толығынан пайдаланылуы керек. 
Өмірдің талабына сәйкес біз «ашық қоғам боламыз» деген ұранмен 
Батыстың қазіргі мәдениет, рухани саладағы құндылықтарын, үлгілерін 
жаппай ішке кіргізу (оның өзінде жақсы үлгілерінен гөрі, тұрпайы 
адамдардың күңгірт, тағы түйсіктерін оятатын үлгілерді) халықтың 
шынайы мәдениетіне, дүниетанымына үлкен соққы жасап отырғаны 
біздің алаңдаушылығымызды тудырады. Бұл да болса, біздің әлі жас 
ұлт екенімізді, солақай еліктеушілігімізді, басқару жүйесінде отырған 
көп азаматтарымыздың философиялық рухани таяздығын көрсетеді. 
Ал мұның бары философияның «филологиялық» (phіleo – сүю, logos – 
сөз), «герменевтикалық» (hermeneutіc – грек сөзі, түсіндіру, мән-
мағынасын ашу) жағын көрсетеді.
Бұл айтылған пікір, әрине, аутаркиялық бағыт (autarcіa – грек сөзі, 
өз-өзіне жеткілікті) ұстап, басқа дүниежүзілік қауыммен араласпай, 
өне бойы артқа, батырлық заманға қарау деген ой туғызбауы керек. 
Қазіргі шешуші уақытта дәуірдің қойған талабына сай келу үшін, біз 
болашаққа батыл қарап, ең алдымен ғылыми-техникалық жетістіктерге 
негізделген жаңа, экологиялық таза (еіkos – грек сөзі, үй; logos – ілім, 
қоршаған орта жөніндегі ілім) энергияны аз пайдаланатын технология-
ларды игеруіміз керек. Мұның өзі жеке адамның бас бостандығын
оның белсенді де шығармашылық деңгейге көтерілуін талап етеді. 
Бұл мәселелерді толығырақ оқулықтың әлеуметтік философия сұрақта-
рына арналған тарауында қараймыз.
Сонымен, жоғарыда айтылған ойлар, бір жағынан алғанда, филосо-
фияның филологиялық, гуманитарлық жағын көрсетсе, екінші жағынан, 
оның герменевтикалық мәнін көрсетеді.
Қорытындылай келе, дүниеге философиялық көзқарастың мәнін 
ашу жолында біз оның көпқырлылығын, көпсырлылығын байқадық. 
Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылыммен ұштасып жатса, 
екінші жағынан, оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық 
біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани құндылықтармен, 
тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық.
Әрине, әрбір үлкен тарихи философиялық тұлғалардың шығарма-
шылығында олардың алатын үлестері әртүрлі, біреулерінде ғылыми 
жағы басым болса, екіншілерінде көркемөнерлік, үшіншілерінде нақыл-
дық-моральдық, төртіншілерінде діни-мистикалық жақтары басым 
болуы мүмкін. 


21
Оның өзі көп жағдайлармен, әсіресе белгілі тұлғаның өмір сүрген 
дәуірімен, сол тұлғаны тудырған халықтың тілі мен ділімен, оның 
тәрбие, білім алған ортасымен, тіпті жеке мінез-құлқы, темпераментімен 
(temperamentum – латын сөзі, жеке адамның жан дүниесінің табиғи 
ерекшеліктері; mental – ағылшын сөзі, ой өрісі) байланысты болса 
керек. 
Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-
бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия – біртұтас ерекше 
дүниеге деген көзқарастық білім. Философия – адамзат мәдениетінің 
өзегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет