15
олардың қайнар көзін «о дүниеден» табады. Философияны алсақ, сонау
Көне Грекиядағы алғашқы пайда болған «Милет мектебі» өкілдерінің
қойған: «Дүниенің негізінде не жатыр?» – деген сұрағынан бастап,
осы күнгі ойшылдардың: «Адамзаттың болашағы бар ма, ия болмаса
ол өзін-өзі экологиялық апатқа, дүниежүзілік ядролық соғысқа әкеліп
өлтіре ме?» – деген сұрағына дейін, бұлардың бәрі де ақыл-ой таразы-
сына салынып, парасат шеңберінде талданады.
Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашы-
лығы – оның
рационалдығында (ratіo – латын сөзі, ақыл-ой).
Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының
шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінің
категориялық (categorіa – грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл
ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден
алған тәлім-тәжірибесіне негізделген жүйесін қалыптастырады.
Сонымен қатар философияны басқа жаратылыстану және әлеу-
меттік-гуманитарлық ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекшеліктерін
де байқауға болады (humanus – латын сөзі, адамдық, адамгершілік).
Біріншіден, философиялық
категориялардың (ұғымдардың)
шегіне жеткенше жалпылығын атап өтуге болар еді. Олар бол-
мыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен
қатынастарын көрсетеді.
Жеке ғылымдар тек қана дүниенің
белгілі
бір бөлігін ерекше нысан (objectum – латын сөзі, зат) ретінде қарап,
соның мәнді байланыстары мен қатынастарын зерттейді.
Екіншіден, философия, басқа ғылымдар сияқты, ғылыми деректерді
пайдаланады. Бірақ философиялық деректердің айырмашылығы – ол
жеке ғылымдарда сарапталған, белгілі бір
теориялық орта деңгейге
көтерілген білімді
дерек ретінде қорытады, әсіресе бұл философияның
Достарыңызбен бөлісу: