Серік Мырзалы философия оқу құралы


Табиғат, өйткенi оның бәрi – бiрегей



Pdf көрінісі
бет116/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Табиғат, өйткенi оның бәрi – бiрегей.
Табиғаттың өзi Құдаймен тең болғаннан кейiн, онда «Жаратушы» 
және «Жаратылған» деген дiннiң негiзгi ұғымдары керек болмай 
қалады. Субстанция, я Табиғат, Б.Спинозаның ойынша, «өзiне-өзi 
себептi». Онымен бiрегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерiмен 
танылмайды. Осыған орай, Б.Спиноза деизмнiң де негiзгi қағида-
ларын терiске шығарады, өйткенi ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы 
сатыдағы дүниенi жаратқан қызметiн мойындайды.
Табиғаттан жоғары дүниенi жаратқан Құдай болмағаннан кейiн, 
Құдайдың өзi табиғатпен тең болған соң, ол екi ұғымды пайдаланады. 
Ол – «тудыратын табиғат» (natura naturans) және «тудырылған табиғат» 
(natura naturata). Бiрiншi ұғым – ол интуитивтiк ой елегi арқылы 
түсiнiлетiн табиғат. Екiншi ұғым – ол сезiмдiк бiлiм тудыратын бiздi 
қоршаған жеке заттар мен құбылыстар.
Б.Спиноза өзiнiң болмыс iлiмiнде дүниенiң бiрлiгiне аса көп көңiл 
бөледi. Оның негiзiнде бөлiнбейтiн субстанция жатыр. Ол – шынайы 
шексiз, абсолюттi ұзақтық. Болмыстың екiншi жағы – бiр-бiрiнен 
бөлiнген, сезiм арқылы бiзге берiлген шектелген жеке заттар мен 
құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бiрiншi екiншiнi тудырады. 
Егер субстанция мәңгiлiк болса, жеке заттар уақыт шеңберiнен шыға 
алмайды, сол шеңберде өзгередi, туады, құриды. 
Б.Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған «модус-
тары» ретiнде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзiн 
шектейдi. Ал шектеу дегеннiң өзi – ол терiстеу (determinatio est negatio). 


170
Нақтылы заттың шектелгенi оны басқа заттардан бөледi, өзiне ғана 
тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат болмыста өзiнiң 
орнын алады, өйткенi ол – сол зат, басқа оған толықтай ұқсас еш зат 
жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткенi басқа жағынан алғанда 
анықталмайды.
Субстанцияның модустарынан басқа бiрнеше атрибуты (қасиетi) 
бар. Олар – созылу (extensio) және ойлау (cogitatio). Адам дүниенi таны-
ғанда, оның осы қасиеттерi арқылы нақтылыққа жете алады. Демек, 
Р.Декарттың екi субстанциясы Б.Спинозаның бiр субстанциясының 
негiзгi екi қасиетiне айналады.
Ендi субстанцияның осы негiзгi екi қасиетiне сипаттама берелiк. 
Сөйтіп, Б.Спиноза заттықтың негiзгi қасиетiн созылудан, яғни 
кеңiстiктен көрдi. Онда мынандай сұрақ ойымызға келедi: Осы айтыл-
ған кеңiстiкте саны шексiз болғанымен, неше түрлi шектелген зат-
тар қалай пайда болады? Оның негiзгi себебiн ойшыл қозғалыс пен 
тұрақтылықтан көредi, өйткенi олардың бiр-бiрiне деген қатынасы 
мен көлемi нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбiр 
заттың көлемi бар, ол – бiр жағынан, тұрақты, екiншi жағынан, үнемi 
қозғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу 
қасиетi мен нақтылы шынайы өмiрдегi заттардың арасындағы дәнекер 
ретiнде қаралады.
Субстанцияның келесi атрибуты – оның «шексiз ойлау қабiлетiне» 
келсек, ол – бүкiл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкiл 
дүниенi тiрi деп есептейдi. Мұндай көзқарас гилозоизм (hileo – грек 
сөзi, зат, zoo – тiрi) деп аталады. «Тек адам ғана емес, сонымен қатар 
барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әртүрлi деңгейдегi 
тiршiлiкте», – дейдi ұлы ойшыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет