166
Т.Гоббс «Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн», – деген Р.Декарттың
принципiн өзiнiң танымдық iлiмiнiң тұрғысынан қатты сынға алады.
«Мен ойлаймын,
олай болса, өмiр сүремiн» деген қағида бiздi ойлана
алатын дене бар екенiн мойындауға әкеледi. Ал Р.Декарттың ойлай-
тын адам ойлауға тең деген пiкiрiн «серуендеп жүрген
адам серуен
деген тұжырымға тең», – деп, материалистiк тұрғыдан қатты соққыға
жығады.
Т.Гоббс таным әдiстемелерi жөнiнде де ерекше пiкiр айтады.
Индуктивтi және дедуктивтi әдiстердi бiр-бiрiне қарсы қоймай,
олардың екеуiн де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану қажет. Бiрақ
индуктивтi әдіс табиғатты
зерттегенде басымырақ қолданса, матема-
тика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивтi әдiс
басым болуы қажет деген пiкiр айтады.
Достарыңызбен бөлісу: