180
Дүниедегi әртүрлi заттарды Дж.Локк эмпириялық, яғни тәжiрибеден
туатын субстанция дейдi. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал
философиялық деңгейге көтерiлсек, онда ол – материя, рух. Мысалы, бiз
Күндi алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, өне бойы қозғалыста
т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрiн бiз
тәжiрибе арқылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды бiрiктiретiн
оның ар жағындағы негiз неде деген сұраққа бiздiң сыртқы жэне iшкi
тәжiрибемiз ештеңе айтпайды, – дейдi Дж.Локк.
Гносеология саласындағы келесi күрделi мәселе – ол жалпы-
лық. Дүниедегi өмiр сүретiннiң бәрi – жалқы, жеке, нақты. Жалпы
ұғымдарды алатын болсақ, ол ақыл-ойдың әрекетiнен пайда болады,
заттардың бiр-бiрiне ұқсас қасиеттерi олардан ой арқылы бөлiнiп жал-
пыланады. Қайсыбiр тiлдегi сөздер арқылы бiз жалпылықты көрсетемiз.
Тiлдiң жалпы азаматтық және философиялық жақтары бар.
Оның бiрiншi жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметтiк өмiрде
қолданылады, адамдар бiр-бiрiне тiл арқылы неше түрлi ақпараттар,
өздерiнiң сезiмдерiн т.с.с. жеткiзедi.
Ал тiлдiң философиялық мағынасына келер болсақ, онда әрбiр
ұғымның нақтылы көлемi, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше
түрлi ғылым саласындағы дау-дамайлар түсiнбеушiлiк, тiлдегi
ұғымдардың әртүрлi мағынада қолданылуына байланысты. Әсiресе
ғылымға зор әсерiн тигiзетiн нәрсеге неше түрлi мазмұны тайыз,
нақтыланбаған сөздердi ойлап шығарып, оны ғылым саласына кіргізу
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: