228
себебiнде қайсыбiр дiннiң «о дүние» жөнiндегi ғажап қағидасына сенуi.
«Адам өзiнiң өмiрiнiң соңдығын, әлсiздiгiн, шектелгенiн, басқа еш
нәрсеге қарағанда, өлiмнен қашып құтыла алмайтындығынан терең
сезiнiп тебiренедi», – деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен, дiн дегенi-
мiз – құпияландырылған қиялдың жемiсi болып шықты.
Фейербах дiннiң ғасырлар бойы қалыптасқан екi формасын
көрсетедi. Бiрiншiсi – ол мистификацияланған (құпияланған, құдi-
реттелген) табиғат күштерi. Екiншiсi – ол адамның өзiне ұқсайтын
Құдай идеясы. Ол жөнiнде Фейербах былай дейдi: «Шексiз де құдiреттi
Құдайдың мәнi дегенiмiз – ол адамның өзiнен бөлiп алынып, ерекше
өмiр сүрiп жатқан сияқты адамның рухани мәнiнiң өзi».
Сонымен қатар Фейербах христиан дiнiнің езiлген адамның рухани
жұбатушысы ретiндегi қызметiн көрсетiп, оны әшкерелейдi. Оның
ойынша, Құдайға сену – дүниедегi зұлымдықты құртуға бағытталған
құралдар жөнiндегi ойларды шетке шығарып тастайды. Адам бұл
дүниеде iске аспайтын ынталарына бола, iске асыра алатын тiлектерiн
аяққа басады. Олай болса, Фейербах: «Мен құдайды терiстеймiн, олай
дегенiм – мен адамды терiстеудi терiстеймiн», – деп, Гегельдiң тiлiмен
оның iлiмiне қарсы шығады. Өйткенi о дүниенi терiстеу дегенiмiз –
бұл дүниенi орнықтыру деген сөз. Жарқын болашақ – ол сенiмге емес,
адамның өзiнiң борышына жатады.
Мiне, ендi бiз Фейербахтың философиясының негiзгi мәселесiне келiп
тiрелдiк, ол –
адам мәселесi. «Жаңа философия адамды және соның
негiзi ретiндегi табиғатты философияның ең негiзгi универсалды пәнiне
айналдырады». Сондықтан бiз Фейербахтың iлiмiн
антропологиялық
Достарыңызбен бөлісу: