Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы



Pdf көрінісі
бет156/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
Людвиг Фейербах (1804-1872 жж.) – немiс классикалық филосо-
фиясының соңғы өкiлi. И.Канттан бастап Гегельге дейiн немiс 
философиясының өкiлдерi идеалистiк бағыт ұстағанын жоғарыда 
байқадық. Л.Фейербах та өз жолын осы бағытта бастап, 1823 ж. 


226
Гейдельберг университетiнiң теология (дiн зерттеу) факультетiне 
оқуға түседi. Бiрақ тез арада ондағы дәрiске қанағаттанбай, Берлин 
университетiне ауысып, Гегельдiң лекцияларын тыңдайды. 1828 ж. 
Эрланген университетiнде диссертация қорғап, содан кейiн осы оқу 
орнында приват-доценттiк жұмыс атқарады. Осы уақыттан бастап 
Фейербах бiрте-бiрте гегельдiк көзқарастан ауытқып, материалистiк 
бағытқа қарай бетбұрыс жасайды. Соның нәтижесiнде ол өз атын 
атамай, 1830 ж. «Өлiм және өлместiк жөнiндегi ойлар» деген еңбегiн 
жарыққа шығарып, онда жанның өлместiгi жөнiндегi дiни қағидаға 
қарсы шығады. Ол кiтап дереу тәркiленiп, Фейербах жұмыстан 
қуылады. Жұмыссыз қалған ойшыл 1836 ж. кедейленген дворян отба-
сынан шыққан қызға үйленiп, онымен бiрге Брукберг деген ауылдық 
жерге қоныс аударып, сол жерде 25 жыл бойы ешқайда шықпай өмiр 
сүредi. Түске дейiн ағаш жарып, я болмаса шөп шауып, түс ауа ғылыми 
жұмыстарымен айналысады. «Христиандықтың мәнi» атты негiзгi 
еңбегi осы жерде жазылып бiтедi. Осы кезден бастап ол үзiлдi-кесiлдi 
материалистiк-атеистiк бағытқа көшедi. Өмiрiнiң соңында өте үлкен 
мұқтаждық көрiп, 1872 ж. дүниеден өтедi. Нюрнберг қаласында жер-
ленген. 60 ж. кейiн iзбасарлары оның қабіріне құлпытас орнатып, оған 
Фейербахтың өзi жазған «Адам Құдайды өз бейнесiне ұқсастырып 
жасады», «Адамды сүйiп, оған жақсылық жаса» деген сөздерiн эпита-
фия ретiнде жазды.
Гегельдiң философиясының алғашқы негiздерiн зерттей келе, Фей-
ербах оның түп-тамырының теологияға кететiнiн айқын көрсетедi. 
Фейербахтың ойынша, қайсыбiр идеализм, оның iшiнде Гегельдiң 
философиялық жүйесi де – дүниеге деген нәзiктелген дiни көзқарас. 
Табиғаттың алдында өмiр сүрiп жатқан логикалық категориялар 
жөнiндегi Гегельдiң iлiмi – дүниенi Жаратушының басқаша сөздермен 
айтылған идеясы. Ойлауға қабiлетi бар пенделерден басқа материя-
дан тыс өмiр сүрiп жатқан таза ойлау еш жерде жоқ. Материя рух-
тан шықпайды, керiсiнше, материя рухты тудырады. Адамның ойлау 
қабiлетi – ол қандай ғажап болса да – мидың қызметiнен туады. 
«Табиғат тек қана асқазан шеберханасын жасап қана қоймай, соны-
мен қатар мидың әсем сарайын орнатты. Табиғат рухтың, бейсаналық 
саналықтың, беймақсаттық мақсаттылықтың алдында өмiр сүредi». 
Фейербахтың ойынша, рух дегенiмiз – ол iс-әрекеттегi адамның 
қабiлетi, қасиетi. Денеден бөлiп алып, адамның шектелген және соңы 
бар өмiрiнен босатып қаралған рух Құдайға айналады. Мән – ол ұғым 
ғана, оны адамның денесiн құрастыратын сүйектерiмен салыстыруға 
болады. Бiрақ тiрi адамның денесi, етi мен қаны да бар. Бiрақ Гегельдiң 
философиясы, тек өлiмтiктi жеп қоректенетiн қорқау сияқты, дүниенiң 
қаңқасымен ғана қанағаттанады.


227
Олай болса, философия өзiнiң қайнар көзiн болмыс ұғымынан 
емес, болмыстың нақ өзiнен бастауы қажет. Онда бiз заңды түрде 
бүкiл философиялық ұғымдарды жалпылықтан емес, жалқылықтан 
шығаруымыз керек. Өйткенi қайсыбiр болмыс – ол нақтылы болмыс – 
дүниеде болып жатқан «бiрдеңе», «мынау», «анау». Болмыс жалқылық 
пен жекелiктен тұрса, ойлау – жалпылықты тудырады.
Таным мәселесiн қарай келе, Фейербах агностицизмдi қатты сынға 
алады. Оның ойынша, түйсiктер бiздi дүниеден алшақтатпайды, керi-
сiнше, бiздi онымен байланыстырады. Ол – сыртқы дүниенiң бейнесi. 
Бұл жерде ол дiни терминдi қолданып, оны «Iзгi хабар» ретiнде түсiнедi. 
Түйсiктер арқылы бiз дүние жөнiнде хабардар боламыз.
Фейербах дүниенiң көптүрлiлiгiн мойындайды. Материяның 
өмiр сүру формасы – ол қозғалыс, ал ол қажеттi түрде кеңiстiк пен 
уақытты талап етедi. Олай болса, олар болмыстың өмiр сүруiнiң негiзгi 
жағдайлары. Табиғаттың өзiнiң себебi өзiнде, оны ешкiм тудырған жоқ, 
ол мәңгiлiк өмiр сүредi. Табиғат пен қоғамнан тыс ешкiм және еш нәрсе 
жоқ. Табиғатта ақыл-ой жоқ, ол адам арқылы ғана ақыл-ойға ие болады. 
Адам арқылы ғана ол өзiн-өзi түсiну дәрежесiне көтерiледi. Тек адам 
ғана өзiнiң iс-әрекет жасау негiзiнде табиғатты қайта өзгертiп, өзiнiң 
санасын табиғатқа таңады.
Олай болса, рух дегенiмiз – ол тiрi пенде, адамның қасиетi, ойлау 
мүшесi – ми адамның денесiне жатады. Сондықтан адамды Құдай 
жаратты деген жалған аңыз Құдайдың Өзiн адам тудырды деген 
шынайы бiлiмге негiзделген қағидаға ауыстырылуы керек.
Осы мақсатты өз алдына қойып, оны өмiрге енгiзу жолында Фей-
ербах қажымай-талмай, батыл жұмыс жасады. Оның ойынша, қалың 
бұқараның Құдайға сенуiнiң қайнар көзi адамның жан дүниесiнiң 
құпияларында жатыр. Солардың iшiндегi ең негiзгiлерiнiң бiреуi – 
адамның табиғаттың орасан зор күштерiнен қорқып, соларға тәуелдi 
болуы. «Үрей құдайларды тудырды. Барлығын билеп-төстейтiн бұл 
үрейдiң өзiн кiм тудырды? Оны тудырған – тiрi пенденiң бақытқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет