Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет252/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Теяр де Шарден (1881-1955 жж.) Негiзгi еңбегi «Адам құбылысы» деп 
аталады. 
Дiни философтың қойған негiзгi мәселесi: «Адам Құдайдың жарат-
қан дүниесiнiң қонағы ма, я болмаса сол жүрiп жатқан жаратылысқа 
өз үлесiн қосып, оны ары қарай дамыта ма? Егерде бұл дүние дайын 
күйiнде адамға берiлсе, онда адамға тек қана оның ғажаптығына 
таңғалып, оған табынудан басқа еш нәрсе қалмайды. Ал егерде 
дүниенiң басы да, аяғы да болмай, бiрақ ол өне бойы жаңару, өзгеру 
(эволюция) үстiнде болса, онда адамның бұл дүниеге келуiнiң негiзгi 
мақсаты – оны ары қарай дамытып, көркейтiп, өзгертуiнде болса 
керек», – деп қорытады П. Т. де Шарден.
Өзiнiң философиясында ойшыл материализм мен идеализмнiң бiр-
жақтылығын сынап, шынына келгенде, дүниенiң сыртқы материалдық 
және iшкi психикалық рухани жақтары болуы қажет деген пiкiрге 
келедi. Егер дүниенiң алғышарты ретiндегi рухани қосындысы болмаса, 
онда жалғыз материядан тұратын әлемде адам пайда болмас едi.
П.Т. де Шарденнiң ойынша, ғарыштың өмiр сүруi мен ары қарай 
өрлеуiнiң негiзiнде екi энергияның (күш-қуаттың) тiкелей қатысы бар. 
Олар – тангенциалдық, яғни физикалық күш-қуат және радиалдық
яғни психикалық, рухтық. Егер тангенциалдық күш дүниенiң 
элементтерiн бiр-бiрiне тартып, оның бiртұтастығын қамтамасыз етiп 
отырса, радиалдық энергия оларды алға және жоғарыға, күрделенуге 
әкеледi.
Дүниенiң тарихи дамып, күрделенуi, негiзiнен, үш ғарыштың өткен 
сатыларына байланысты. Олар: өмiралды; өмiр; ой.
Бiрiншi – «өмiралды» сатысында галактиканың қалыптасуы мен 
оның химиялық күрделенуi басталады. Жер бетiндегi неше түрлi мине-
ралдар мен тұздар ерiген суларда Күн сәулесiнiң энергиясы арқылы 
неше түрлi күрделi химиялық қосындылар пайда болып, ақырында, 
өмiрдiң алғашқы тұрпайы микро түрлерi дүниеге келедi.
Екiншi – өмiр сатысында жер бетiнде тiршiлiктiң миллиондаған 
түрлерi дүниеге келiп, биосфера қалыптасады, оның ең әсем гүлi – адам 
дүниеге келедi.
Үшiншi – ой сатысында адамның қалыптасуы мен дамуы басталып, 
бүгiнгi күнге дейiн жетедi. П.Т. де Шарденнiң ойынша, қазiр бiрiккен 
адамзаттың қалыптасуы жүрiп жатыр. Адамзатпен бiрге жер бетiнде 
жаңа қабат – ноосфера, яғни ақыл-ой қабаты қалыптасып жатыр. 
Адамзаттың әлеуметтiк өрлеуi – материя мен тiрi табиғаттың өрлеуi, 


356
күрделенуi, дамуының жалғасы. Дүние бiздiң көз алдымызда ары қарай 
дамып, жаратылу үстiнде, қазiргi уақытта оның негiзгi кiлтi – адамның 
қолында. Өйткенi адам саналы түрде эволюция үдерісiне қатысуда. 
Материяны қайта құрып, өзгерту жолында адам шығармашылық 
деңгейiне көтерiлiп, өзiнiң кiм екенiн әлемге көрсетедi. 
Осы тұрғыдан П.Т. де Шарден кейбiр христиан дiнiндегi моральдық 
қағидаларды, әсiресе енжарлық, мойынсұнушылықты сынға алады. 
Адам өмiрге белсендi түрде қатысуы керек, яғни оның өмiрдегi 
негiзгi мақсат-мұраты – жасампаз еңбек дәрежесiне көтерiлу болмақ. 
«Жақсы христиан дүниенiң жаратылу үдерісiне белсендi қатысады, 
цивилизациялық ағымының белсендi мүшесiне айналады». Жаман-
дық – енжарлық, жақсылық – белсендiлiк.
Сонымен бiрге П.Т. де Шарден ұжымдық өмiр сүруге шақырады. 
Жалғыздықтағы адам рухани жетiле алмайды. «Менiң» жетiлуiм 
ұжымдық сана арқылы ғана жүрмек.
Қазiргi қоғамдағы дағдарыс – өрлеудiң дағдарысы. Адамзат 
дүниенiң ары қарай өрлеуiнiң негiзгi күшiне айналғанын сезiнедi, 
екiншi жағынан, осы сезiмнен қорқып, оған күмәндана бастайды. Ал 
осы iзгiлiктi iстi ілгері жалғастыру үшiн, адамзатқа белгiлi бiр рухани 
тiрек қажет. Ол тек «өмiрден де жоғары» құдiреттi күш болуын талап 
етедi. Ол адамзаттың алдында әрқашанда шамшы-рақтай жанып тұруы 
керек. Ол оны аспандағы ең күштi жарқыраған жұлдызға теңеп, оған 
«Омега» нүктесi деген ат қояды. 
Ойшылдың ойынша, Омега – кеңiстiк пен уақыт шеңберiнен тыс
Дүниенiң алдында тұрып, өзiнiң психикалық радиалдық энергиясы 
арқылы бүкiл өмiр сүрiп жатқанның бәрiне де өз әсерiн тигiзiп жатқан 
құдiреттi күш. Ол күш, негiзiнен алғанда, сүйiспеншiлiк, ал оның ең 
кiшкентай ұрығы – ол молекуланың iшкi тарту күшi. Демек, П.Т. де 
Шарденнiң Омегасы христиан дiнiнiң Құ-дайына ұқсамайды, ол – таза 
рух, сананың жиынтығы, сонымен қатар дүниенiң алдыға қарай дамып, 
күрделенуiнiң негiзгi себебi.
П.Т. де Шарденнiң философиясы ХХ ғ. адамзат ой-өрiсiне өзiнiң зор 
ықпалын тигiздi. Оның себептерiнiң бiрi – ғылымның жетiстiктерiне 
сүйене отырып, дүниенiң дамуы туралы бiртұтас iлiмдi тудыру 
қажеттiгiн көрсеткенiнде болса керек. Екiншiден, оның адамзатты 
жасампаздық еңбекке, соның негiзiнде жер бетiнде ноосфераны 
тудыруға шақырған шабытты ойлары да көп адамдарға өз әсерiн тигiздi. 
Үшiншiден, оның адамға деген үлкен сенiмi, гуманизм мен өрлеудiң 
бiр-бiрiмен байланысты екенiн көрсеткенi де бүгiнгi дағдарыстағы 
адамзатқа шынайы сабақ болды. Ал ендi осы ХХ ғ. тудырған орасан зор 
қайшылықтар мен тебiренiстер қазiргi Шығыс философиясында қалай 
шешiледi? Ендi осы сұраққа жауап беруге тырысайық.


357


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет