Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет248/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   422
Байланысты:
2 (1)

трансцендiлеу, яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңбе-
рiнен аттап өтiп, не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм 


349
Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға 
ынтық болу, нағыз ерiктiліктi содан iздеу дiни трансцендiлеу болып 
есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң 
айтуына қарағанда, «адам – табиғи дүниедегi үзiлгендiк», екiжақты, 
қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан оны түсiну – 
одан да жоғары тұрған Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның 
Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның 
құдайшылдығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi 
Мәсіхтің өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз – ол рух. Олай болса
тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi.
Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi – Ж-П.Сартр мен А.Камю
оны ештеңеге теңеп, ол – экзистенцияның ең терең құпиясы деген 
пiкiрге келедi. Демек, экзистенция дегенiмiз – өзiнiң шектелгенiн, яғни 
уақытша екенiн сезiнетiн, ештеңеге бағытталған адам өмiрi.
Экзистенциализмнiң ерекшелiктерiнiң бiрi – жеке адам мен 
әлеуметтiк болмысты бiр-бiрiне қарсы қою, осы адамзат болмысының 
екi жағының бiр-бiрiмен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. 
Олай болса, адам өмiрiнiң ерекшелiгi – өмiр сүру мен мәндiктiң, болу 
мен алудың, таным мен түсiнудiң арасындағы тебiренiс, таңдау. Мұның 
өзi адам болмысының қасіретті жақтарын көрсетедi.
Өзiнiң «Болмыс пен уақыт» деп аталатын көлемдi еңбегiнде 
М.Хайдеггер адамның өмiр сүруiн «Dasein» деген ұғыммен бередi. 
(оның қазақшаға тiкелей аудармасы – «осы арадағы болмыс»). Мұндай 
ұғымды философияға енгiзiп, ол адам болмысы – тарихи болмыс екенiн, 
ол яғни «қазiр және осы арада» өмiр сүрiп жатқанын көрсеткiсi келдi. 
Дүниеде адамнан басқа ешқандай тiршiлiк иесі өзiнiң шектелгенiн, 
яғни өлетiндiгiн бiлмейдi. Олай болса, тек адамға ғана уақыттылық
ал сонымен бiрге өмiрде болу мәселесi тән. Бұл тұрғыдан алғандағы 
философияның негiзгi мақсаты – ол дәл қазiр өмiр сүрiп жатқан 
адамның iшкi тебiренiсiн зерттеу, содан шығатын өмiр тәжiрибесiн тал-
дау болып табылады. Бұл М.Хайдеггердiң жасаған жаңа онтологиясы 
едi. Яғни ол – уақытпен шеңберленген адам болмысы, осы арада өмiр 
сүрiп, басқалармен бiрге коммуникацияға (қатынасқа) түсу.
Алайда индустриялық қоғамда адамның болмысы өзiнiң бейшы-
найылығымен тең. Конвейерден шыққан бiр-бiрiне ұқсас заттар 
сияқты, адамдар да орталанып, бiр тұлға екiншiнi жеңiл ауыстыра 
алады. Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра алатындықтан, «басқа», ол – 
«нақтылы басқа тұлға» емес, «қайсыбiр басқа», «жалпы бiр басқа». 
Мұндай жағдайда «ол да», «мынау да», менiң «өзiм де» шынайы субъ-
ект емеспiз. Мұндай тобыр адамын М.Хайдеггер «das Man» деген тер-
минмен берсе, Н.Бердяев оны «объективацияланған дүние» дейдi.


350
Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол – адамның тарихи 
пенделілiгiн, уақыт шеңберiнде шектелгенiн, сонымен қатар өзiнiң 
ерiктiлігiн сезiнуiнде. Шынайы болмысқа жету үшiн адам күнделiктi 
күйкі өмiрден бас тартып, өмiрдiң соңғы шегi – өлiмге тiкелей қарай 
алатын жағдайға келуi қажет.
«Бейшынайы болмысты аттап өту үшiн адамдар бiр-бiрiмен 
қосылып, «абсурдтық дүниеге», оның шектелгенiне, өлiмге, жалпы 
дүниенiң жетiлмегендiгiне, мәнсiздiгiне қарсы шығып, көтерiлуi 
керек», – дейдi француз ойшылы А.Камю. Алайда мұндай дүниеге 
түңiлуден туған бiрiгушiлiк бiрде-бiр адам болмысының мәселесiн, 
әрине, шешпейдi.
Дiни экзистенциализм бұл мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады. 
Г.Марсельдiң ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың бол-
мысымен теңейдi. Ал шынайы болмыс, негiзiнен алғанда, әрқашанда 
тұлғалық болмыс. Болмыс – «Ол емес», «Сен», сондықтан адамдардың 
Құдай алдындағы бiр-бiрiмен iшкi сырларын бөлісуі, ең құпия тереңде 
жатқан тебiренiстерiмен бөлiсуi – шынайы болмыстың алғышарты. Ол 
үшiн, яғни басқа адамның терең сырына жетiп, шынайы болмыстық 
дәрежеге көтерiлу тек махаббат арқылы ғана iске асады.
Г.Марсельдiң бұл ойларын дамытқан М.Бубер, Э.Левинас сияқты 
еврей ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дүниеге деген 
қарым-қатынасы екiжақты, өйткенi оның сөздiгiнде екi негiзгi сөз бар. 
Олардың бiреуi «Мен және Сен» болса, екiншiсi – «Мен және Ол». 
Дүние адамзат тәжiрибесi ретiнде «Мен және Олға» жатады. «Мен және 
Сен» адами шынайы қарым-қатынасты тудырады. Олай болса, адам 
алдында дүниеде болудың екi мүмкiн-дiгi бар. «Мен және Сен» шынайы 
болмысты тудырса, «Мен және Ол» – адами қарым-қатынастарды зат-
тандырады. «Сен» деп қарым-қатынасқа түскен адам – ол заттардың 
арасындағы зат емес. Мен оны тануға, зерттеуге тырыспаймын, өйткенi 
мен онымен қарым-қатынастамын. Ол қатынастардан шыққанда ғана, 
мен оны тани бастаймын. Тану, бiлу – «Сеннiң» алшақтауына әкелiп 
соғады.
«Мен және Сеннiң» қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге 
болады. Махаббат сезiмi бүкiл дүниенi өзiнiң сәулесiмен жарқыратып, 
гүлдендiредi. Махаббат аясындағы адам қайсыбiр адамды, жақсы мен 
жаманды, сұлу мен түрсiздi, ақылды мен наданды – бәрiн де ерекше 
«Сен» ретiнде қарайды. Алайда адам болмысының трагедиясы – «Мен 
және Сеннiң» қарым-қатынасының сарқылу, я болмаса құралға айналу 
мүмкiндiгiнде.
Экзистенциализм философиясының iрi өкiлiнiң бiрi – Виктор 
Франкл. Ол қазiргi қоғамдағы адамдардың қасiретi – ноогендiк (nous – 
грек сөзi, ақыл-ой, зерде, рух; genesis – грек сөзi, дүниеге келу, 


351
пайда болу;) невроздарда, яғни адамдардың өмiр сүрудiң мән-
мағынасынан айырылып қалуында деген пiкiрге келедi. Соңғыны 
В.Франкл «экзистенциалдық вакуум» деген ұғыммен бередi. Өз 
болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған кейбiр адамдар 
рухани жүдеулiктен арылу үшiн «Құдайды iздеу» жолына түссе, 
екiншiлер нашақорлық пен iшiмдiктiң сағымында жүреді, үшiншiлер 
қоғамдағы тәртiпке қарсы бағытталған қылмыстық iс-әрекеттерге, 
төртiншiлер суицидке (өз-өзiн өлтiру) дейiн барады. Өзiнiң гуманистiк 
көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмiрдегi ахуал қандай қиын болса 
да, тiптi жазылмайтын сырқат, өлiмнiң өзi болмасын, адам өз өмiрiнiң 
мән-мағынасын жоғалтпауы керек, – деген терең ойға келедi. Өзiнiң 
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi Бухенвальд концлагерiнде болған 
экзистенциалдық тәжiрибесiн сараптай келе, В.Франкл өз өмiрiнiң 
мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, 
ал өмiрдiң мән-мағынасын жоғалтқан көпшiлiктiң «малға ұқсайтын 
тобырға» айналып құрығанын айтады.
Әрине, реформа барысындағы бүгiнгi қиын-қыстау жағдайларда 
бiршама адамдар бұрынғы ұстаған жан дүниесiндегi құндылықтардан 
айырылып, сонымен қатар жаңа құндылықтарды қабылдай алмай, 
экзистенциалдық вакуумде жүргендерi баршамызға аян. Мұның өзi 
неше түрлi «әлеуметтiк ауытқудың» түрлерiн туғызып, реформаның 
ары қарай өрлеуiне өзiнiң кеселiн тигiзiп отыр. Мұндай қиын жағдайда 
экзистенциализм iлiмiнiң «әлеуметтiк ахуалға» сiлтегеннен гөрi, жеке 
тұлғаның ерiктi iс-әрекетiнен шығатын таңдауға, ал оның өзi белгiлi бiр 
жаңа ахуалды тудырып, өмiрдiң жаңа арнасын ашуының мүмкiндiгiн 
көрсетедi деген құнды пiкiрiне оқырманның назарын аударғымыз 
келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет