Серік Мырзалы философия оқу құралы


олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін



Pdf көрінісі
бет266/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   422
Байланысты:
2 (1)

олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін, айырмашылықтарымен 
қатар жалпыға бірдей жақтарын анықтайды. Сол себепті шие, алма 
мен алмұрттан тыс жеміс деген ұғым пайда болады, ол – аталған 
және де басқа жидектердің жалпы қасиеттерін біріктіретін ұғым. Жүре 
келе, мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бір 
халықтың ойлау жүйесін ары қарай дамытады…
Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда жалқылық пен 
жалпылық болмыс санаттарын талдаудың бастамасы болып есеп-
телуі керек. Тарихи-қисындық тұрғыдан алғанда, солардың адам 
тәжірибесі дамуының негізінде, пайда болуының нәтижесінде басқа да 
болмыс санаттары дүниеге келіп, өрби бастайды.
Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, онда біз 
жалқылық, даралық болмыстың өмір сүру формасы екенін байқаймыз. 
Дара, жалқы дегеніміз – кеңістік пен уақыттың шеңберінде шек-
телген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы нақтылы да шынайы 
өмір сүріп жатқан заттар мен құбылыстар дара, жалқы, ешқашанда 
қайталанбайтын, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді. Қазақ халқы 
оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбен берген. Мысалы, 
қазіргі жер бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен бір-
біріне толығынан пішін-түрі жағынан екі ұқсасты табу мүмкін 
емес. Сондай-ақ олардың әрбіреуінің ой-өрісі, руханияты да өзгеше 
қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. Элементарлық бөлшектерден 
бастап жұлдыздар әлеміне дейін ғалымдар толығынан бір-біріне ұқсас 
ешқандай екі затты тапқан жоқ. Қорыта келе, даралық, жалқылық 
дегеніміз – шындық болмысының өмір сүру тәсілі болып шықты.


375
Сонымен қатар бұл дүниеде бір-бірімен толық ұқсастығы жоқ екі 
затты табу да мүмкін емес. Егерде олай болса, дүние өмір сүре алмас 
еді, заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланысқа түсіп, біртұтас 
әлемді құра алмаған болар еді. Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам 
заттар мен құбылыстардың бір-бірімен шытырман байланыста екенін 
байқайды, ал оның астарында олардың ұқсас жақтары, тектік бірлігі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет