Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет262/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   422
Байланысты:
2 (1)

болмыс бір-біріне тең. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқылы 
жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, 
өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.
Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты 
әртүрлі түсініп, соған негізделген әртүрлі дүниеге деген көзқарасты 
қалыптастырды.
Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетас-
тығын анықтағаннан кейін, бұл дүниені сол бейболмыстың көмескі 
бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін дүниені адамның 
өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де – 
мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат – адам өз ішкі өміріне 
үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осын-
дай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік (іntra – лат. сөзі, 
ішкі деген мағына береді) мәдени бағыт қалыптасты. 
Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске 
шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік 
Болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалып-
тасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты 
көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. 
Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – 
адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған 
дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің бол-
мыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы 
тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі 
деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм – кемеліне келген, 
адамдардың барлық қажеттіліктері толығынан өтелген, соның негізінде 
әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол – жер бетінде адамның 
шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.
Сонымен, егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне кел-
меген дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті 
болмаса, онда айнала қоршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай 
етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. ХХ ғ. өмір сүрген көрнекті Еуропа 
ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, ол 
жаратылу үстінде. Оны ары қарай жетілдіретін негізгі күш – адам-


369
зат», – деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен ұштасып 
жатқанын байқауға болады. Сөйтіп, Батыс мәдениеті экстраверттік 
(extra – латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала 
қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған 
болып шықты. 
Бұл арада: «Шындық қайда, кімнің қолында: Батыста, я Шығыста 
ма?» – деген заңды сұрақ пайда болады. Батыс рухы мыңдаған 
жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны 
жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын 
көріністері ғарыштағы ұшып жүрген жасанды жерсеріктер, бүкіл 
дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі, өмірдің шын сырын ашу 
жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған 
әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с. 
Бірақ, сонымен қатар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар 
ХІХ ғ. аяғынан бастап-ақ бүкіл ХХ ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің 
шытынай бастағанын ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортега-
и-Гассет, Э.Фромм, Г.Маркузе т.с.с.). Материалдық дүниені өз еркіне 
көндіріп, оны өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне 
бүгінгі таңда әбден көзі жетті. ХХ ғ. өткен екі дүниежүзілік соғыс, 
соның нәтижесінде қырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы 
экологиялық апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдық жағынан 
бай болғанымен, рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бары де 
Батыс өркениетінің тұйықтыққа келіп тірелгенін көрсетеді.
Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді 
игеріп, оны өз мәдениеті, дүниесезімімен ұштастыра білген елдерді 
(Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея) саусақпен ғана санауға 
болады. Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше 
тарихы болса да, Шығыстың көп елдері жаңа ғана дамып келе жатқан 
елдер қатарына жатады, өйткені онда кедейшілік пен қайыршылық, 
жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс елдеріндегі 
халықтар Батыс mass medіa туындыларын қабылдамайды, өйткені 
олардың рухани болмысына олар қайшы келіп, қалың бұқараның 
наразылығын тудырады. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің 
шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп, алшақтай 
түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдерді табиғи байлықтарын 
төмен бағаға сатуға мәжбүр етуі т.с.с. себептер, әсіресе ислам ілімі 
терең тамыр жайған елдерде экстремизм мен терроризмнің етек алу-
ына, сонымен қатар «ғаламдасу үдерісімен» бірге кіретін Батыстың 
зорлық-зомбылық, порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану 
жолында көп қарапайым адамдардың «таза исламға қайтып оралу» 
идеясын насихаттайтын ваххабизм сияқты кертартпа діни ұйымдардың 


370
құрамына кіріп, саяси эстремизмнің қайнар көзіне айналып жатқанын 
байқауға болады.
Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ 
сияқты. Бүгінгі таңдағы адамзат болмыс тірегін, бір жағынан, ашынған, 
қорқынышты үрей сезімімен, екінші жағынан, бітпейтін үмітпен 
іздестіруде… Бұл адамзат ізденістеріне, құрметті оқырман, сіз де, пісіп-
жетіле келе, өз үлесіңізді қосарсыз деген үміттеміз.
Енді болмыс ұғымын ары қарай талдасақ, оның құрамынан негізгі 
екі шындықты табуға болады: оның бірі – бізді қоршаған табиғат, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет