Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет263/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   422
Байланысты:
2 (1)

материалдық әлем, екіншісі – рух әлемі, адамның жан дүниесі мен 
санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасына 
тәуелсіз өмір сүрсе, екінші – рух әлемі – адамның, яғни субъектінің 
ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажеттіліктерімен тығыз 
байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді 
анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз. 
Уақытында ұлы Л.Фейербах айтқандай, «Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни 
болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну, түсіну дәрежесіне көтеріледі».
Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіні тудырады, 
яғни ол материалдық дене, сонымен қатар санасы бар, өзінің сан алуан 
қажеттіліктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатын пенде – адам. Соны-
мен, жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойында жинақталады екен. 
Адам дене ретінде өз қажеттіліктерін өтеп, басқа тіршіліктер сияқты, 
осы болмыста өмір сүреді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте болу-
мен теңеле ме? Бұл дүниеде құмырсқа да, жаңбыр құрты да өмір сүріп 
жатқан жоқ па? Әрине, адамды құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір 
жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды шынайы адам қыла-
тын – оның санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатын 
шығармашылық іс-әрекеті емес пе?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол 
өз болмысын бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы әлем 
жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап 
қоймай, сонымен қатар дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның 
ар жағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді, 
«мен бұл дүниеге не үшін келдім» деген сұрақты өз алдына оқтын-
оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған сұрақ «to be ore not to be? – 
That іs the guestіon!» (Болу ма, я болмау ма? – Міне, негізгі сұрақ!) адам-
зат қаншалықты өмір сүрсе, соншалықты өміршеңді болып қала бермек. 
ХХ ғ. ортасында бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті амери-
кан философы Э.Фромм қазіргі Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі 
болмысын баю, иелену арқылы көреді деген тұжырымға келіп, оның 
тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің 
трагедияға толы тарихында өз жолынан таймай, «жігіт бір сырлы, 
сегіз қырлы» болуы керек, әр күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан, 


371
өнерсайысқа айналдыру керек деп есептеген, бұл оның даналығын 
көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара жол-
дан тайып, Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарай ауысып бара 
жатқан жоқпыз ба? деген сұрақ та ойландырмай қоймайды.
Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде жер 
бетінде «екінші табиғат» болмысы пайда болды. Егер «бірінші 
табиғат» деп біз адам қолымен өзгеріске түспеген тағы табиғатты 
айтатын болсақ, «екінші табиғат» адамның саналы іс-әрекеті арқылы 
өзгеріске түскен. Егер жануар өзіне қажеттінің барын таза табиғаттан 
тауып алатын болса, адам оған қанағаттанбайды. Сондықтан ол 
табиғатты өзгертіп, өз мүддесіне сай етіп өмір сүреді. Оның бүгінгі 
таңдағы көріністері – алып қалалар, асфальт және теміржолдар, 
жасанды көлдер мен ормандар, мәшинелер мен неше түрлі техникалық 
жабдықтар т.с.с. Олардың бары де – саналы іс-әрекеттің туындылары. 
Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғаттың туынды-
ларында сөнген, яғни заттанған. Қайсыбір адамның қолымен жасалған 
заттың негізінде белгілі бір идея жатыр. Сол жасалған затты пайдала-
нып, оны игерген кезде, сөнген идея дереу «лап етіп жанып», тағы да 
сол адамның ішкі рухани өмірінің құрамдас бір бөлігіне айналады, яғни 
заттанған идея өзінің материалдық қабығынан босап, тағы да санаға 
айналады. Екінші табиғаттың бұл терең сырын жете түсіну үшін, 
оқырманға бір қарапайым мысал келтірейік. Егер сіздің мәшинеңіз 
сынып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең алдымен ол 
қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, бұл жайтты түсінген кезде, 
соны ойлап шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған идеясын тағы 
да «тірілтіп», өз санаңыздың байлығына айналдырасыз. Егер сіздің 
техникаға икеміңіз болса, сол бөлшектің жетілмеген жерін анықтап, 
оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін. Оны қоғам рационализаторлық 
әрекет деп бағалайды. Идеяның затқа, заттың қайта идеяға айналуы 
диалектикасын осы мысалдан көруге болады. Қорыта келе айтарымыз: 
мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыққан туындыларда оның 
барлық дүниеден алған тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған. 
Әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ соларды игеріп, оны ары қарай дамы-
тып, өзінің рухани байлығына айналдырады.
Енді, міне, сол «екінші табиғатты» тудырған адамның рухани бол-
мысын талдауға да уақыт келіп қалған сияқты. Алғашқы жақындағанда, 
оны екіге бөлуге болады. Біріншіден, ол тарихи сахнада өмір сүріп 
жатқан нақтылы тірі адамның рухани өмірі, оны субъективті рух 
деуімізге әбден болады. Тірі адамның түйсіктері, сезім тебіреністері, 
ырқы, өзіндік сана-сезімі, ғылыми түсініктері, тіпті бейсаналық 
инстинктері – бары де оның ішкі рухани өмірін құрайды. Адамның 
ішкі өмірі сыртқы дүние сияқты тұңғиық, шексіз. Сондықтан да көне 


372
гректер адамды «микрокосм» ретінде қарап, оны «макрокосмға», яғни 
дүниеге теңеген болатын. Бір адам басқа адамның ішкі дүниесін толық 
білмек түгіл, кейбір кезде өз ішінен бұрын білмеген қасиеттерді тауып 
алып, таңғалады!!
Әрине, адамның ішкі рухани болмысы өне бойы сыртқа шығуға 
талпынады, өйткені адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсіп 
барып өмір сүре алады: Д.Дефоның «Робинзоны» тек қиялдан шыққан 
көркемдік бейне ғана емес пе?
Олай болса, қоғам өмірінде интерсубъективтік (іnter – латын сөзі, 
екіаралық, көпаралық деген мағына береді) рух дүниеге келеді. Ол жеке 
өмір сүретін бір адамның ғана қазынасы емес, ол – қоғамның, яғни 
бір-бірімен байланыс, қарым-қатынасқа түскен көп адамдардың ортақ 
байлығы. Мысалы, сізге қоғамның белгілі бір саласын жетілдіруге 
бағытталған ой келді, ол – тек сіздің ғана ойыңыз. Бірақ сіз оны 
ақпарат құралдары арқылы қоғамға жария еттіңіз. Сіздің ойыңыз өзекті 
болып, оны көп адамдар қолдады, енді, міне, ол сіздің уысыңыздан 
шығып, қоғамның рухани құнды-лығына айналды, өйткені ол басқа 
адамдардың санасына да ұялап, олардың ой-өрісіне өзінің әсерін 
тигізді. Сөйтіп, интерсубъективтік, яғни объективтік рух қоғамның 
үстінде аспандағы бұлт сияқты, жеке адамның санасынан бөлініп, дер-
бес өмір сүріп жатқан идея емес, ол – көп адамдардың санасында өмір 
сүріп жатқан, солардың мойындаған, ішкі рухының бөлігіне айналған 
құбылыс. Философияда объективтік рухтың формалары ретінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет