Серік Мырзалы философия оқу құралы


Абстрактілеу (дерексәздендіру)



Pdf көрінісі
бет304/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   422
Абстрактілеу (дерексәздендіру) дегеніміз зерттеліп жатқан нысан-
ның кездейсоқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, 
керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.
Жалпылау – жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бірдей ортақ 
қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану.
Анализ – зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, 
олардың қасиеттерін зерттеп, талдау.
Синтез – заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта 
біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау. 
Индукция – белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерт-
теу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан 
кейін, индукция әрқашанда толық емес.
Дедукция – жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юрис-
пруденция, қисында қолданылады.


463
Экстраполяция – белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я бол-
маса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы 
жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік 
пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға 
болады (әрине, салыстырмалы түрде).
Үлгілеу (модельдеу) – кеңінен жаңа техника, я болмаса техноло-
гиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен 
қуыршақ үлгісін жасап, аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның 
ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа ұшақтың 
сынағы басталады. 
Тарихтық және қисындық әдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір 
заттың қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, 
сол жолда басқа заттардың оның даму жолын қалай бұрмалағанын т.с.с. 
біз тарихи әдіс арқылы зерттейміз. Ол, әрине, ең алдымен қоғам өмірін 
зерттегенде кеңінен қолданылады. Мысалы, тарихи әдіс арқылы қазақ 
елінің дербестік алғаннан бері қандай сатылардан өткенін, оның даму 
жолында қандай кедергілердің болғанын, бүгінгі таңда қандай деңгейге 
көтерілгенін тарихшылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп 
заттың ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехия-
сынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз – 
қысқартылған тарихтық. Соңғы – қисындықтың өзге болмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет