Серік Мырзалы философия оқу құралы


Теория – зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі  мән-мағынасын ашатын, іс жүзінде дәлелденген, қайшылықсыз бір-



Pdf көрінісі
бет303/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   422
Теория – зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі 
мән-мағынасын ашатын, іс жүзінде дәлелденген, қайшылықсыз бір-
бірімен байланысты ұғымдар жүйесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің 
«Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Эволюциялық теория-
сын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.
Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала 
болжау, іс жүзінде пайдалану жатады.
Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке 
келтіріп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың мінсіз үлгісін 
жасайды, сондықтан адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады.
Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса 
ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, 
Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене оты-
рып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік 
теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өміріндегі 
болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, 
құқықтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.
Танымның іс-тәжірибелік табиғатынан теорияның іс жүзінде 
өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген 
сүйіспеншілігімізді қанағаттандырып қана қоймайды. Оның негізгі 
мақсаты – өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы, 
ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға 
мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық станса-
лар адамзатты орасан зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр.
Заң – зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, 
мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір 
ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, 
теориялық дәрежеге көтеруге тырысады. 


462
Енді таным әдістемесін талдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі 
ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, 
ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:
1. Жеке ғылым әдістері.
2. Жалпы дүниетану әдістері.
3. Ең жалпы (жан-жақты) әдістемелер.
Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды. 
Ол – оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқа-
нының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени 
қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына 
келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыс-
тыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде 
қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тілтану 
мүмкін емес т.с.с.
Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір 
саласында белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады. 
Ғылымның эмпириялық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын 
жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға 
болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз. Экспери-
ментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған 
қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу 
болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі 
таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен 
пайдаланылады.
Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге дерексіздендіру, 
жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, 
үлгілеу, тарихтық және қисындық, дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу 
т.с.с. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет