Серік Мырзалы философия оқу құралы


ә) мәдениет және цивилизация. Тарихты



Pdf көрінісі
бет323/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   422
Байланысты:
2 (1)

ә) мәдениет және цивилизация. Тарихты 
цивилизациялық-мәдени жолмен талдау мәселелері
Тарих философиясының іргелі санаттарына мәдениет және цивили-
зация ұғымдарын жатқызуға болатын сияқты. Көп жағдайларда олар 
бірмағыналық дәрежеде пайдаланылатыны да рас. Мәдениет деген 
түбі араб сөзі «қалалық», ал цивилизация деген латын сөзі де алғашқы 
уақытта «қалалық», «азаматтық» деген мағынамен сөздіктерге кірген. 
Ал Орта ғасырларда «қала» деген ұғымды «қоғам» ретінде түсінсе, онда 
олардың бір-бірімен ұласып кететіні де рас. Сонымен, кең түрде алғанда, 
мәдениет деп тағы алғашқы табиғатқа қарсы тұрған, адамдардың 
іс-әрекеттері арқылы өзгертілген дүниені айтамыз. «Культура» деген 
сөздің өзінің түп мағынасы «өңдеу», «өзгерту», ал «культ» деген сөз 
белгілі бір нәрселерге табыну, көну деген мағына береді. Ал өзгертілген 
дүниенің (оны кейбір кезде «екінші табиғат» дейді) ерекшелігі неде? 
Өзгертілген заттарда адамның ақыл-ойы, шығармашылық іс-әрекеттері 
заттанады. Сол заттарды игеріп, пайдаланған кезде ондағы заттанған 
рух тағы да «жалт етіп жанып» адамның санасының құрамдас бөлігіне, 
яғни оның ішкі дүниесіне айналады. 


489
Бұл арада оқырманның назарын мына нәрсеге аударғымыз келеді. 
Айнала қоршаған ортаны өзгертудің өзі – табиғатқа бейімделудің бір 
түрі ғана. Мысалы, көне Қытайда табиғаттың оқыс алапат күштеріне 
қарсы тұру әрекеттері жүздеген мың адамдардың басын қосып, оларды 
мәжбүрлеп, алып су арналарын ғасырлар бойы салуға ұмтылдырды. 
Нәтижесінде, бұл елде қауымдастық принципке негізделген мәдениет 
пайда болып, оның қағидалары, әлеуметтік нормалары осы уақытқа 
дейін сақталуда. Еуропа топырағында жұмсақ климат, айнала 
қоршаған жылы теңіздер жеке адамның іс-әрекеттерінің дамуына өз 
септігін тигізіп, жекешелікке негізделген мәдениеттің қалыптасуына 
әкелді. Олай болса, жер бетінің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан 
халықтардың сол қоршаған ортаға байланысты қалыптасқан өз төл 
мәдениеті бар деп айтуымызға болады. 
Әр халықтың төл мәдениетінің негізінде оның тудырған тілі 
жатыр. Оны қазақ «ана тілі» дейді, өйткені ол ананың ақ сүтімен бірге 
беріледі. Тіл арқылы біз дүниені түйсіну, сезіну мүмкіндігін ала-
мыз. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған тәжірибесі, 
даналық қағидалары берілген. Сондықтан ол – бағасы жоқ құндылық. 
Сондықтан да қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналмай, 
халқымыздың көсегесі көгермейді.
Кең түрде мәдениетті екі салаға бөлуге болады. Олар – материалдық 
және рухани мәдениет. Оларды бір-бірінен айыру анықтамасы
адамға керек қажеттіліктерді өтеуде. Егерде белгілі бір зат адамның 
физиологиялық, материалдық мұқтаждықтарын қанағаттандырса, 
оны – материалдық, ал рухани сұраныстарын өтесе, рухани мәдениет 
құндылықтарына жатқызамыз.
Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәдениетке ғылым, 
әдет-ғұрып, салт-дәстүр, саяси-құқықтық, моральдық эстетикалық 
т.с.с. құндылықтарды жатқызуға болады. Ал енді бұл ұғымның өрісін 
мейлінше тарылтсақ, онда мәдениетке адамның ішкі жан дүниесін, 
оның білім деңгейін, дүниеге деген көзқарасын, басшылыққа алатын 
әлеуметтік нормаларын т.с.с. атаймыз.
Енді цивилизация ұғымына келсек, біріншіден айтып кететін жайт – 
бұл ұғымның көпмағыналығы. «Cіvіlіtas», деген латын сөзі «қалалық», 
«азаматтық» деген мағына береді. Енді бұл ұғымға берілетін бірнеше 
негізгі түсініктерді атап өтейік. Біріншіден, цивилизация алғашқы 
қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келетін адамзат тарихының сатысы 
(Л.Морган, Ф.Энгельс). Екіншіден, цивилизация дегеніміз – қоғамның 
алып заттық денесінің пайда болып, адамдардың материалдық-сезімдік 
өмірлік бағытына көшуі, руханияттың азғындауы (О.Шпенглер, 
Ж.Ж.Руссо). Үшіншіден, цивилизация дегеніміз – белгілі бір геогра-
фиялық аймақта қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір салты, мәдени 


490
құндылықтар, шаруашылық формалары (А.Тойнби, В.Данилевский). 
Төртіншіден, өндіргіш күштер дамуы биік дәрежеге көтеріліп, 
негізгі қоғамдық қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам 
құқықтарының бұлжымай орындалуы, «тұтыну қоғамының» орнауы 
(Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып 
келгенде, – дін арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың 
негізінде ұйымдасқан қоғам (В.Мак-Нил, С.Хантингтон). Әрине, 
мұндай көпмағыналық ұғым тарихи үдерісті әртүрлі тұрғыдан талдауға 
мүмкіндік береді.
Қалай дегенде де, әрине, алғашқы қауымдық қоғам белгілі бір 
дәрежедегі мәдениетті тудырғанмен, цивилизация емес. ХХ ғ. өмір 
сүрген көрнекті неміс ойшылы К.Ясперс цивилизация «кіндікті 
заманда» – б.з.д. VIII-II ғғ. дүниеге келеді деген пікір айтады. «Бұл 
кезде Шығыста да, Батыста да бүкіл адамзат пір тұтатын ойшыл-
дар дүниеге келіп, өз халықтарын адамгершілік жолға түсіреді. Олар: 
Лао-Цзы мен Кон-фу-цзы (Қытай), Махавира мен Гаутама Сидхартха, 
соңынан Будда аталған (Үндістан), Заратустра (Парсы), Сократ, Платон, 
Аристотель (Грекия), Палестина топырағында дүниеге келген Киелі 
кітапта көрсетілген кейіпкерлер», – деп қорытады К.Ясперс.
Алайда кіндікті заманды материалистік тұрғыдан түсінуге болар 
ма екен? Аталған уақыт адамзаттың қола дәуірден өтіп, темір дәуіріне 
келген кезін көрсетеді. Соқаның басына байлаған темірден жасалған 
жер жыртқыш жердің өңделуін анағұрлым жақсартып, көп өнім алуға 
мүмкіндік береді. Ал оның өзі қажеттіліктен артық байлықтың дүниеге 
келуіне, соның нәтижесінде ең алдымен заттарды айырбастау, соңынан 
олардың барын теңейтін алтын, кейін ақшаның пайда болуы әлеуметтік 
айырмашылықты тудырады. Жеке меншік дүниеге келіп, мемлекеттік 
дәрежеде ұйымдасқан қоғамның формасы туады. Енді қоғамда дене 
еңбегімен тікелей айналыспай, өз өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған 
адамдар – жазушылар, философтар, діни қызметкерлер, мемлекет шен 
иелері т.с.с. дүниеге келіп, олармен бірге жазба тарих пайда болып, мек-
тептер ашылады. Міне, енді дүниеге осы уақытта цивилизация келді 
деп айтуға болады.
Енді тарихи үдерісті цивилизациялық-мәдени жолмен талдау 
әдістемелерін алып қарасақ, осы ұғымдардың көпмағыналылығына 
сай әртүрлі тұжырымдамаларды көруге болады. Алғашқы рет адам-
зат тарихына көз жіберіп «кезеңдік», яғни белгілі бір шеңберде дамып, 
соңында бастапқы сатысына қайта оралу идеясын философияға енгізген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет