Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет321/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   422
Байланысты:
2 (1)

белсенді іс-әрекеті нәтижелі болған. Еңбек еткен адамға табиғат өз 
жемісін аямай берген. Сондықтан Батыс өркениеті жеке адамның 


484
мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген. Мұндай өмір бағытын 
әдебиетте индивидуализм дейді. Жеке тұлғаның өзіндік құндылығы 
мен жеткіліктігі, оның еркіндігі мен өз іс-әрекеттерін билеушілігі 
негізгі құндылықтар болып есептеледі. Екінші ерекшеліктерінің 
бірі – рационализм, істеген істің барын есеп-қисаптан өткізу, көп 
жағдайда адамның сезімдік дүниесімен есептеспеу т.с.с. Яғни адамның 
іс-әрекеттерінің бәрі пайда табуға, өз мүддесін ғана қамтамасыз етуге 
бағытталған. Мұндай ахуалда қоғамның біртұтастығы көп жағдайда 
заңдар арқылы қорғалады. Сонымен қатар діни құндылықтар да 
адамдарға өмір бағытын анықтауға көмектеседі. 
Осындай қоғамның материалдық байлықты жасауға көп мүмкін-
діктері болғанмен, рухани жүдеуінің себебі де жекенің қауымдық 
мүддеге қарағанда жоғарылығында жатса керек, өйткені шынайы 
адамгершілік қоғамдық мүддені жекеден гөрі жоғары ұстағанда 
ғана болады. Екінші жағынан, Батыс өркениеті техниканы, соғыс 
құралдарын дамытудың негізінде XVI ғ. бастап бүкіл дүние жүзін өзіне 
бағындыру саясатын жүргізіп, көп елдерді бодандап, бүкіл жер бетінің 
ресурстарын өз пайдасына жаратты. Яғни бүгінгі Батыс өркениетінің 
материалдық жағынан алып қарағандағы гүлденуіне ғасырлар бойы 
бүкіл адамзат өз үлесін қосты деп айтуымызға болады.
Соңында біздің бүгінгі өмірмен тығыз байланысты «нарықтық 
қоғам» деген ұғыммен танысайық. Бүгінгі таңда нарықтық 
қатынастардың (қоғамның қай саласы болса да) шешуші рөлімен санас-
пайтын адам жоқтың қасы шығар. Әсіресе бұл қоғамда материалдық 
игіліктерді өндіру, сауда-саттық негізгі сала болып есептеледі. Мем-
лекет заң шығару арқылы нарықты дамытуға барлық жағдай жасайды, 
ал іскерлер тобы қоғамның негізгі «қозғаушы күшіне» айналады. 
Сонымен қатар нарықтық қоғамда әр адамның өз «бағасы» бар, ол 
өз қабілеттерін, шеберлігін, білімін т.с.с. нарық таразысына салады. 
Сөйтіп, нарықтық қоғамда әр адам, бір жағынан, сатып алушы болса, 
екінші жағынан, өз тауарын сатады. Ол, мысалы, профессордың білімі
әртістің өнер шеберлігі, жазушының романы, суретшінің суреті
сәулетшінің үй жобасы, қолөнершінің сақинасы мен шолпысы т.с.с. 
Адамның әлеуметтік мәртебесі – оның істейтін ісінің тауар ретіндегі 
өтімдігі, ақшаға айналуы. Сонымен, адам қалтасындағы ақшасының 
қалыңдығымен бағаланатын болды. Егерде адамның мәртебесі тек 
байлыққа келіп тірелсе, онда адамдардың арасында қатты бәсекелестік 
басталып та кетеді. Әлсіз, сайысқа шыдамағандар қоғамның шетіне 
шығып, өзін бейшара ретінде сезінеді. Пайда әкелмейтіннің бәрі есепке 
алынбайды. Мұндай жағдайда жақсы жасалған жеңіл машина нарықта 
өтеді де, композитордың жазған симфониясы, я болмаса реквиемі
ақынның өлеңі өтпей қалуы мүмкін. Достық, сүйіспеншілік, нәзіктік, 


485
абырой-намыс сияқты моральдық құндылықтар көп жағдайда «бос сөз» 
болып, ескерілмей қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет