Серік Мырзалы философия оқу құралы


Қорыта келе, мынаны айтуымыз керек: егер сіз осы қоғамда дұрыс  ауқатты өмір сүремін десеңіз, онда қалаған мамандығыңызды терең



Pdf көрінісі
бет322/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Қорыта келе, мынаны айтуымыз керек: егер сіз осы қоғамда дұрыс 
ауқатты өмір сүремін десеңіз, онда қалаған мамандығыңызды терең 
де шығармашылық тұрғыдан меңгеруіңіз керек, сонда ғана сіздің 
еңбегіңіз нарықта сұраныс табады, яғни сіздің қаражатыңыз болады. 
«Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» деген өмірлік бағдарлама сізді 
сәтсіздікке әкеледі. Сонымен қатар өмірдің мәнін тек ақша табуға әкеліп 
тіресеңіз, тағы да толыққанды өмірдің мән-мағынасын таба алмайсыз. 
Бұл жөнінде «Адам мәселесіне» арналған тараудан оқыңыз.
§ 2. Тарих философиясы
а) тарихты формациялық тұрғыдан талдау
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс 
қоғамдық-экономикалық формация теориясын жасайды. Оның ойынша, 
ол – нақтылы-тарихи сатыдағы белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделген 
қоғам. Формациялық тұрғыдан бүкіл адамзат тарихын талдай келе, 
К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құлиеленушілік, 
феодалдық, капиталистік формациялар. Алайда адамзат тарихы 
болашақта коммунистік формацияны заңды түрде тудырады. Өйткені, 
оның ойынша, капиталистік қоғамның негізгі мақсаты – заттық
байлықты жинау, капиталды өсіру, ал тарихи сахнада өмір сүріп 
жатқан тірі адам – сол мақсаттың құралы ғана. Осы себепті К.Маркс 
капиталистік қоғамды қатты сынға алады. «Капитал ең тәтті 
шырынның өзін адамдардың бас сүйегіне құйып ішеді», …«адамдардың 
бір-біріне деген нәзік те жылы қатынастарын капитал мұзды суға 
батырады»,…«бұл қоғамда қартайып қайраты кеткен шал гүлденген 
жас әйелге үйленеді, өйткені бұл қоғамда бәрі де сатылады», – деп 
қорытады К.Маркс. Әрине, мұндай ахуалдың мәңгілік сақталуы мүмкін 
емес. И.Канттың «Адамды әрқашанда мақсат тұт» деген талабын 
жақсы білген К.Маркс, болашақта адамды негізгі мақсатқа айналдыра-
тын қоғам дүниеге келеді, ол – коммунизм деген тұжырым жасайды. 
К.Маркстің ойынша, бұл қоғамда жеке меншік толығынан жойылып, 
өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар ара-
сында толық теңдік орнап, олардың барлық қажеттіліктері толығынан 
өтеліп, адамдар жан-жақты дамып гүлденеді, адамзаттың мыңдаған 
жылдар армандаған бақытты өмірге қолдары жетеді. Алайда ондай 
қоғамға жету жолында ең алдымен социалистік сатыдан өту қажет. 
«Күйреген капитализмді терістеп дүниеге келген бұл қоғамда әлі де 
болса таптар мен әлеуметтік әртүрлі топтар сақталады. Бұл қоғамда 


486
әр адамнан өз қабілетіне қарай, қайырымына еңбегіне қарай игіліктер 
бөлінеді», – деп қорытады К.Маркс.
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушы-
лар өздерінше оны «сілейте сынап», оған қарсы теріске ешқашанда 
шығарылмайтын деректер таптық деп масаттанады. Ондай «ғұламалар» 
әсіресе бүгінгі «либералдардың» араларында жиі кездеседі. Ол қандай 
деректер екен? 
Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіліктерін толығынан өтеу 
үшін шексіз байлық өндірілуі қажет, ал оның ешқашанда болуы 
мүмкін емес, бұл дүниедегінің бәрі шектелген деген «даналықты» 
олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай ой келеді: 
Бүкіл дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі 
кейбір майда қоғамтанушылардан да тайыз болғаны ма? Әрине, жоқ. 
Дүниедегінің барлығы шектелген, ол рас. Сонымен қатар бұл қағида 
адамға да қатысты. Мысалы, жеке адамға шаққанда жылына қанша 
ет, көкөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз бе? Әрине, шек-
телген. Басқа да адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді 
қарастыруға болады. Бірақ бұл дүниеде шектелмейтін бір ғана нәрсе 
бар: ол – адамның рухани-шығармашылық жетілуі. К.Маркстің 
ойынша, жаңа қоғамды орнату барысында қалыптасатын қоғамдық 
қатынастар адамның белсенді жасампаздық іс-әрекетін тудырып, соның 
нәтижесінде тек қоршаған орта ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірге 
адамдардың өздері де өзгеріп, жан-жақты дамып, ішкі табиғи дарында-
рын гүлдетіп, сыртқа шығарады. Мұндай әлеуметтік болашақ ахуалды 
ол кісі коммунизм деген ұғыммен береді. Ал мұндай жолмен дамудың 
расында да шегі жоқ, ол – тоқталмайтын үдеріс.
Екіншіден, марксизмді сынаушылар: «Егер адамның барлық 
қажеттіліктерін өтей алатын ахуал дүниеге келсе, онда дереу қоғам 
іріп-шіри бастар еді», – деген пікір айтады. Өйткені адамға еш нәрсе 
қажет емес, ондай жағдайда адамның саусағы да қимылдамайды 
емес пе деген сауал қояды. Әрине, біз адамды тек қана дене ретінде 
қарасақ, бұл пікірді терістеу қиын. Онда бақыт, өмірдің мәні тек қана 
ішіп-жеп, дүниеден тәндік-сезімдік ләззат алуда болса керек. Мұндай 
көзқарас, мәселеге тереңірек үңілсек, адамды жануарға теңеп, оның 
қадір-қасиетін аяққа басады, оның «жиырылған ғарыштық» дүниедегі 
ерекше рөлін түбі жоқ тұңғиыққа батырады. Сондықтан да болар, 
кейбір билікке ұмтылғандар, шындыққа айналмайтын уәделер беріп, 
қалың бұқараны алдап-арбап, оны жеңіл түрде оңға-солға, керек жаққа 
бұрылатын тобыр ретінде қарайды. Мұндай ахуалды бүгінгі таңда біз 
кейбір материалдық жағынан дамыған елдерден байқаймыз. Өкінішке 
қарай, сонау Қайта өрлеу заманынан басталған Батыс елдеріндегі 
өмірдегі материалдық-сезімдік бағыт бүгінгі күнге шейін созылып, 


487
терең рухани-адамгершілік дағдарысқа әкелгенін дүниежүзілік зайырлы 
қауым көріп отыр. Алайда бұл өмірлік жолдың адамзатты тұйықтыққа, 
я болмаса ядролық соғыс арқылы өзін-өзі өлтіруіне әкелетінін болжау 
қиын емес. Расында да, материалдық игіліктер әрқашанда шектел-
ген. Егер адамзаттың дамыған елдердегі «алтын миллиард» аталған 
бөлігі өлшемнен жоғары тұтынуды өмірлік мақсат-мұратқа айналды-
рып, ал келесі артта қалған елдердегі миллиардқа жуығы күнбе-күн 
аштықтың зардабын көріп, жыл сайын 70 миллионға жуығы өліп жатса, 
жер бетіндегі шиеленіс, экстремизм мен терроризмнің өршімесіне кім 
кепілдік бере алады?
Бірақ адамзаттың әртүрлі заманда өмір сүрген барлық кемеңгер-
лері – Сократ пен Анарыстан бастап, Абай мен К.Ясперске дейін – 
адамның рух екенін шаршамай айтып келген болатын. Өкінішке 
қарай, бүгінгі таңға шейін рухани-адамгершілік жолында адамзат өте 
қабілетті оқушы болып отырған жоқ. Алайда болашақта тек осы жолда 
ғана адамзат өзін-өзі сақтап қалуы мүмкін.
К.Маркстің коммунистік теориясына бүгінгі таңда қандай баға 
беруге болады? Бұрынғы Кеңес Одағындағы социалистік қоғамды 
орнатудағы орасан зор жасампаздықпен қатар, қайғыға толы іс-әрекет-
тер тарихи тұйықтыққа әкелгенін жақсы білеміз. Алайда оның 
кінәсін К.Маркстің теориясынан іздеу дұрыс болар ма екен? Мүмкін, 
оған кінәлі «марксизмді жаңа дәуірде шығармашылық жолмен ары 
қарай дамытқан» большевиктердің көсемі Ленин болар? Расында да, 
капиталистік қатынастар әлі күшіне кірмеген, тіпті кейбір жерлерде 
тағылықтың іздері әлі өшпеген феодалдық елде социализм орнатамыз 
деп лепірген революцияшыл топтардың тарихи кінәлілігін айтпай кет-
пеуге болмайтын сияқты. Екінші жағынан, қоғамдағы терең де жүйелі 
дағдарыстың өршіп, халықтың шыдамының таусылғаны да оған себеп 
болса керек. Алайда бүгінгі таңдағы әлеуметтік мемлекет орнатқан 
кейбір елдерге көз жіберсек (Швеция, Финляндия; Голландия т.с.с.), 
ол елдерді К.Маркстің заманындағы капиталистік қоғаммен толығы-
нан салыстыруға болмайды. Мемлекет тарапынан жасалған көлемді 
әлеуметтік бағдарламалар әлсіз топтарға біршама көмек көрсетіп, 
олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Сөйтіп, дамыған 
капиталистік елдер ешқандай революция, қантөгіс төңкерістерсіз-ақ 
бірте-бірте әлеуметтілікке қарай жылжып бара жатыр. Ал социализм 
дегеніміздің өзі әлеуметтілік деген мағына бермей ме? Олай болса, 
К.Маркстің социалистік қоғам жөніндегі тарихи болжамы бірте-бірте 
іске асып келе жатқанға ұқсайды.
Енді маркстік коммунизм идеясына келер болсақ, оны «бітпейтін 
ағыл-тегіл материалдық байлыққа» теңесек (осындай ғып оны 
тұрпайыландырған бұрынғы Кеңес көсемдерінің бірі Н.С.Хрущев 


488
болған-ды), онда ол ешқашанда болмайтын қиял ғана деп есептеу-
ге болады. Өйткені бұл дүниеде бәрі де шектелген. Ал, бірақ ол 
болашақтағы әр адамның гүлденуі, жан-жақты дамып, шығармашылық 
деңгейге көтерілуі десек, – оның іске асуы мүмкін.
Бұл теорияның тағы бір осал жері – тек қоғамдық меншіктің 
ғана болашағын мойындау, басқа меншік формаларына қарсы шығу. 
Диалектикалық дүниетануды қаншалықты меңгергенмен, К.Маркс 
саясатқа келгенде қиялға бой берген болса керек. Өткен Кеңес 
қоғамындағы мемлекеттік меншік шаруашылықты монополизациялап, 
ақырында іріп-шіріп кеткен жоқ па? 
Сонымен қатар К.Маркстің теориясындағы тарихи үдерістегі 
революцияның, зорлық-зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі сол 
кезде болған әлеуметтік-саяси ахуалдан, содан ашынудан шықса 
керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да өз заманының 
перзенті екенін айтып кету қажет. Демек, ол да қателескен. Бүгінгі 
заманның шыңынан тарихқа көз жіберсек, орын алған тарихта 
болған бірде-бір революцияның алдына қойған мақсат-мұраттарына 
жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам 
шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үдерістен шығатын 
бүгінгі адамзаттың көзі жеткен тұжырымы – қоғамды күнбе-күнгі 
қажымас еңбек, өзара келісімге келу, қайшылықтарды бейбіт жолмен 
шешу арқылы өзгерту, даму болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет