Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет15/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   422
Философияның пәні дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне 
жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын 
құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байла-
ныстарды ары қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көпқырлылығын 
көреміз.
Ең алдымен философия пәнінің метафизикалық онтологиялық 
(ontos – грек сөзі, барлық, болу; logos – ілім, болмыс жөніндегі ілім) қыр-
сырын атап өтуіміз керек. Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар 
еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, я болмаса шексіз бе? 


24
Мәңгілік, я уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің ішкі мақсат-мұраты 
бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам 
болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.
Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері – ол оның гносео-
логиялық жақтары (gnosіs – грек сөзі, тану, білу). Оған мынандай 
сұрақтарды жатқызуға болар еді. Біз кімбіз және дүниедегі алатын 
орнымыз қандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде 
және ол дүниенің ішкі сырын аша ала ма? Ақиқат, шындық дегеніміз 
не? Сезімдік пен ақыл-ойдың арақатынасы қандай? т.с.с.
Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі – ол оның аксио-
логиялық, яғни құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау. Адам 
өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның ала-
тын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда
мына сұрақтар бар: Шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам 
өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, жақсылық, өлшем, парасаттылық, 
құндылықтар қандай орын алады? т.с.с. 
Философия пәнінің келесі жағы – ол оның праксеологиялық, 
прагматикалық мәселелері (praktіcos – грек сөзі, белсенді, іс-әрекет-
шіл; pragmatos – грек сөзі, іс-қимыл). Өйткені адам дүниені тану бары-
сында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекет-
терімен түйістіріп, дүниеде бұрын-соңды болмаған жаңа нәрселерді, 
құбылыстарды тудырады. Кең түрде алғанда, философияның 
праксеологиялық мәселелеріне бүкіл адамзат тарихындағы материалдық 
және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжірибесі, соларға жеткізген 
сан алуан адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстарын 
және іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам, әлеуметтік топ, я бол-
маса қоғамның дүниетанымы, дүниені түйсінуі мен оның іс-әрекет 
белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі 
болатын оның қажеттіліктерінің табиғаты неде? Мақсатқа лайықты 
іс-әрекет деп нені айтамыз? Адамның іс-әрекетінде мақсат-мұрат 
пен соған жеткізетін құралдардың арақатынасы қандай? Адам өзінің 
іс-әрекеттерінен шығатын, дүниеге тигізетін барлық салдарды ескере 
ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты өзгертуі керек және де сол 
өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің арақатынасы қандай болмақ? 
т.с.с. сұрақтар философияның праксеологиялық мәселелеріне жатады.
Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, 
телегей-теңіз сезімдер, рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз 
қажет. Ол дүниені өзін-өзі танып-білу дәрежесіне көтерген ең әсем 
күш – адам
Адам мәселесі әсіресе ХХ ғасырдағы ойшылдардың философия-
сында аса үлкен орын алды. Адам кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? 
Ол не үшін дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы 


25
қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп, 
өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа 
рухани пенделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет