Серік Мырзалы философия оқу құралы


Қажеттілік қаласында адамдар өмірге ең негізгі керек заттарды  өндіру үшін бір-біріне көмектеседі. Айырбастау



Pdf көрінісі
бет86/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   422
Қажеттілік қаласында адамдар өмірге ең негізгі керек заттарды 
өндіру үшін бір-біріне көмектеседі.
Айырбастау қаласында тұрғандардың бәрі де байлыққа жету 
үшін бір-біріне көмектеседі, ол – сол қаланың негізгі мақсаты, басқа 
мақсаттарға жету жолындағы құрал емес. 
Құлдыраған бақытсыз қалада адамдар ой өрісіне көтерілмей, тек 
тамақ табудан, ішуден, жыныстық қатынастан ғана сезімдік ләззат 
алуға тырысады. 
Баққұмар қаладағы адамдар бір-біріне көмектесіп, өздерін 
басқалардың алдында керемет етіп көрсеткісі келеді (біздің бүгінгі 
таңдағы кейбіреулердің «жаманымызды жасырайық, жақсымызды 
асырайық» деп жүргендері бұл қалаға жақын келеді, оларға «ауруын 
жасырған – өледі» деген нақыл сөзді айтқымыз келеді. – С.М.).
Билікті сүйгіш қаладағы адамдар басқаларға жоғарыдан қарап
оларды тәуелді етіп ұстағысы келеді. Оларды тек жеңіс қана қуантады.
Адамгершілігі жоқ қаланың тұрғындары игіліктің не екенін жақсы 
біле-тұра, өздерінің іс-әрекеттерінде басқаша істейді.
Құбылмалы қаланың адамдары бұрын игілікке бағытталған бола-
тын, ал соңынан басқа құндылықтар жолына түсіп кеткен. 
Адасқан қала адамдарының ойынша, бақытты өмір о дүниеге 
барғанда болады. Бірақ кейін келе, олардың көзқарасы Құдайға да, шын 
өмірге де өзгеріп, бұзылады. 
Қоғам өмірінің дамуы, Әл-Фарабидің ойынша, негізінен, елді 
басқарып отырған адамның қасиеттеріне байланысты болған соң
ойшыл оның қандай болуы керектігіне аса зор назар аударған. 
Ойшыл ондай адамның он екі қасиеті болу керек дейді. Сонында 
олардың барын тұлғалық алты қасиетке әкеліп тірейді. Енді соларға 
назар аударалық.
Біріншіден, ол даналық дәрежеге жетуі керек, яғни барлық істі 
ақыл-ой елегінен өткізіп, халықтың тарихи тәжірибесіне, әдет-
ғұрыптарына, адамгершілік түсініктеріне сай келтіруі керек; 
екіншіден, ол білімді адам болуы керек, өзінің өткен тарихтағы 
заңдарды, әдет-ғұрып нормалары мен ережелерін жақсы біліп, есінде 
сақтауы керек;


128
үшіншіден, әрқашанда тапқырлық көрсету керек, өйткені өмір өне 
бойы өзгерісте, ендеше, елдің алдында бұрын-соңды болмаған жаңа 
ахуал пайда болып, бұрынғы басқару тәсілдерінің бәрін жоққа шығаруы 
мүмкін. Сондай жағдайда өмірге жаңаша қарап, шығармашылық 
тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет; 
төртіншіден, ол аңғарғыш, көреген болуы қажет. Ел басшысы 
тек бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақ ұрпақтардың өмірі 
қандай болмақ; негізгі мақсат халықтың әл-ауқатын өсіру екенін естен 
шығармауы керек;
бесіншіден, өзінің сөзімен халықты елдің заңдарын бұлжытпай 
орындауға бағыттауы қажет;
алтыншыдан, елбасының денсаулығы, дене күші жақсы болуы 
керек; ол оған соғыс жүргізген кезде әсіресе қажет болады; 
Әл-Фараби ел басшылығына лайықты, осы көрсетілген қасиеттердің 
бәрі бойында бар тұлғаның сирек кездесетінін атап өтеді. Сондықтан 
бұл қасиеттер екі тұлғада жиналса, онда олар бірігіп басқарсын дейді. 
Ал екі адамның бойынан табылмай, 4-5 адамнан табылса, олар бірге 
қосылып басшылық жасауы керек. 
Сонымен қатар елбасына керек негізгі қасиет – ол даналық. Егер 
белгілі бір уақытта елдің басшылығында даналық болмай қалса, онда 
елдің бірінші басшысы тіпті болмай-ақ қойсын, ондай қалаға қауіп 
төнетінін ескертеді ұлы ойшыл.
Біздің бүгінгі қоғамдағы қиындықтарды жеңу үшін, үкімет 
басындағы саяси дегдар топтың биік дәрежеде болуы – қажетті нәрсе.
Оларды Әл-Фараби қалдырған өсиеттермен салыстырсақ, онда 
жетістіктерімізді және кемшіліктерімізді көруімізге болады. Біздің 
саяси дегдар топ аз уақыттың шеңберінде дүниеде жиналған қоғамды 
жаңарту жөніндегі білімді тез игеруде. Тапқырлық көрсетіп, шет 
елдерден экономикаға инвестициялар тартып жатыр; көрегендіктен 
де кем емеспіз – қандай қиындықтарды басымыздан өткізіп жатсақ 
та, қазақ елі 2050 жылға қарай қандай дәрежеге көтерілуі керек – оны 
да ойлыстырып қойдық; дүниежүзілік заң шығару дәрежесіне сай 
етіп біршама заңдарды да тудырдық; саяси дегдар топқа талантты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет