Серік Мырзалы философия оқу құралы


Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi



Pdf көрінісі
бет109/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi
Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт: 
«Бәрiне де күмәндану керек», – деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан 
сезiмдiк танымға келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр 
тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек сияқты 
болып көрiнедi. Суға салынған таяқ сынған сияқты, Күн кiшкентай 
және жылы зат сияқты көрiнедi. Кейбiр кезде көзбен көргендi ұйқыдағы 
түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де 
күмәндануға болады. Сөйтіп, ең ақырында, бiздiң жан-дүниемiз толы-
ғынан күмәнға толады, онда бiрде-бiр күмәнданбайтын ақиқат 
қалмайды...
Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Шашынан 
ұстап, өзiн судан шығарған Мюнхаузен сияқты, Р.Декарттың ойынша, 
бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндану екен, өйткенi бар-
лығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмән-
дана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: «Ойлай-
мын, олай болса, өмiр сүремiн» (cogito ergo sum). Р.Декарттың ойынша, 
бұл тұжырым жөнiнде ешкiм күмәндана алмайды.


163
Бұл тұжырымнан шығатын бiрiншi қағида: адам, негiзiнен алған- 
да, – ойлай алатын пәнде. Бiздiң ойымыз өзiмiзге тiкелей берiлген. 
Ал сезiм арқылы берiлетiн адамның денесi және айнала қоршаған 
заттардың қасиеттерi ой елегiнен өткенде, тек қана бұл дүниеде болуы 
мүмкiн сияқты берiледi. Мысалы, егер мен ойлау қабiлетiнен айы-
рылсам, онда менiң өмiр сүрiп жатқанымның дәлелi дереу жойылар 
едi. «Ойлаймын, олай болса, өмiр сүремiн» қағидасының тағы бiр 
ғажаптығы – ол түсiнiктi, ашық және мөлдiр.
Р.Декарт ойлауды өте көлемдi де кең түрде түсiнедi. Ойлана ала-
тын зат күмәнданады, түсiнедi, қабылдайды, тұжырымдайды, терiске 
шығарады, қиялданады, сезiнедi, керек қылады т.с.с. Ең ақыр аяғы, 
ұйқы кезiндегi түс көрудiң өзi ойлаудан шығады.
Адамның танымдық iс-әрекетi Р.Декарттың ойынша үш идея тобы-
нан тұрады. Бiрiншiсi – сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге 
өзiнiң әсерiн тигiзетiн идеялар. Мысалы, Күн идеясы, ол әрбiр адамның 
санасында бар. 
Екiншi – адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабыл-
данған әсердi өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн.
Соңғы үшiншi идеялар – олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным 
барысында шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық инту-
иция арқылы жетедi. Ал оған жеткiзетiн адамның жан дүниесiндегi 
табиғи ақыл сәулесi (lumen naturale). Туа бiткен идеялардың ерек-
шелiктерi – олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, тұрпайы, 
адамның еркiне тәуелсiз. Бұған мысал ретiнде Р.Декарт «екi шама 
үшiншiге тең болса, онда бiр-бiрiмен де тең», «ештеңеден ештеңе пайда 
болмайды», «бiр нәрсенiң белгiлi бiр уақытта болуы мен болмауы 
мүмкiн емес» т с.с. жатқызады. Туа бiткен идеяға Р.Декарт «Ойлаймын, 
олай болса, өмiр сүремiн» принципiн де жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет