Серік Мырзалы философия оқу құралы


тарихы (historia naturalis), екiншiсi – азаматтық тарих



Pdf көрінісі
бет106/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   422
Байланысты:
2 (1)

тарихы (historia naturalis), екiншiсi – азаматтық тарих (historia civilis).
Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, 
адамның жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi.
Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. 
Олар – Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Өз заманындағы 
түсiнiктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесiн «қос ақиқат» тұжырымы 
арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-
бiлу мүмкiн емес. Сондықтан ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы 
қаралуы керек.
Ал табиғат философиясына келсек, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. 
Олар – теориялық және іс жүзіндегі философия. Теориялық филосо-
фия сәулелi тәжiрибелерге негiзделсе, іс жүзіндегі философия жемiстi 
тәжiрибелерге сүйенiп, табиғатта бұрын-соңды болмаған жаңа заттар 
мен құбылыстарды тудырады.
Адам мәселесi де екiге бөлiнедi. Табиғат туындысы ретiнде оны 
философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi 
ретiнде азаматтық философия (philosophia civilis) зерттейдi.
Таным мәселелерi
Ф.Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалып-
тасып, адамның дүниетанымына кесірін тигiзетiн нәрселер бар. Ең 
алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерелеу қажет. Сонда ғана 
жаңа әдiстерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады. Сол 
ғылымдағы кедергiлердi Ф.Бэкон «идолдар», я болмаса «елестер» дейдi. 
Олар – төртеу.
Бiрiншi елес – тектiк идолдар (idola tribus). Олар адамның жараты-
лысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны бiз қазiргi тiлмен «антро-
поморфизациялау» деп айтар едiк. Ол сонау көне заманда пайда болған 
мифологияға келiп тiреледi. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды 
танып-бiлуге бағытталған кезде, оларды «өзiне ұқсатып» түсiндiруге 
тырысады. Тектi елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкiн 
емес. Ф.Бэконның бұл айтқан ойларын растау үшiн мынандай мысал 
келтiрейiк. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа 
дүниелердегi ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда ғарыштан 
ұшып келген тәрелкелер туралы неше түрлi аңыздарды тудырды. 
Ол қазiргi заманның тудырған мифтерi бойынша, ұшып келген 
тәрелкелердің iшiнен шыққан пенделер нақ жердегi адамдар сияқты екi 
аяқты, екі қолды, екi көздi, тек олардың түсi көкшiл екен т.с.с.
Әрине, кең ғарыштың кеңiстiгiнде басқа жұлдыздар аясындағы пла-
неталарда өмiр және сол өмiрдiң биiк ғажап шыңы – рух пайда болуы 


159
мүмкiн. Бiрақ ол рухтың иесi тек адам сияқты болуы тiптi қажеттi 
емес. Бiрақ адам оны өзiне ұқсатып көргiсi келедi... Ал бiзге ең жақын 
орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелiк жыл екенiн ескер-
сек (яғни секундына 360 мың км. жылдамдықпен ұдайы 5 жыл ұшу 
қажет!!!) және А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясына сай ондай 
жылдамдықтың шеңберiнде заттың салмағы күрт өсiп, кеңiстiктегi 
алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, онда қайсыбiр тiршiлiк түрi 
мұндай қашықтықты өте алмайтындығына көзiмiз жетедi. Сөйтіп, 
ғылыми тұрғыдан қарағанда, «тәрелке мифiнiң» орынсыз екенiн көруге 
болады. Мiне, бұл – Ф.Бэконның айтқан тектiк идолдарының бүгiнгi 
таңдағы бiр көрiнiсi ғана.
Екiншi елес – ол үңгiр идолы (idola specus). «Әрбiр адам белгiлi бiр 
отбасында, белгiлi бiр жерде дүниеге келiп, тәрбиеленедi, ересек адамға 
айналады. Бiреу – адам түгiл, Құдай да ұмытқан ауылда, екiншiсі – 
аудан орталығында, үшiншiсі астанада, ия болмаса үлкен қалада 
туып, тәрбиеленедi. Бiреу кедей, екiншi ауқатты отбасында өсiп-өнедi, 
көбiнесе соған сәйкес бiлiм алуға, өмiрде өз орнын табуға мүмкiндiктер 
ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзiнiң зор ықпалын тигiзбей 
қоймайды. Ол сол өзiн қалыптастырған «үңгiрден» дүниеге қарайды, 
ал оның өзi «табиғаттың сәулесiн әлсiретiп бұрмалайды», – дейдi ұлы 
ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы – дүниеден алған жеке тәжiрибенi 
жалпыхалықтық тәжiрибемен ұштастыру болмақ.
Үшiншi – алаң, ия болмаса базар елестерi (idola fori). «Олар 
қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар 
көзi – зат пен соны көрсететiн, бейнелейтiн сөздi толығынан теңеу. 
Ал шынына келсек, сөз – затқа қойылған ат қана. Сөз көбiне заттың 
не екенiн емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетедi», – дейдi 
ұлы ойшыл. Егер сөздi затқа теңесек, онда көбiне бiз «жалған даналық» 
жолына түсiп кетемiз. Бұл елеске берген сыннан бiз Ф.Бэконның 
схоластикалық философияға қарсы бағытталған көзқарасын болжай-
мыз.
Төртiншi, соңғы елес – ол театрлар идолы (idola theatri). Олардың 
дүниеге келу себебi – тарихтағы өмiр сүрген даналарға, ұлы тұлға-
ларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми 
тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтiн мәңгi ақиқат» ретiнде түсiну. 
Мысалы, белгiлi бiр мәселе бойынша: «Аристотель былай деп айтқан, 
ал сiз Аристотельден де ақылдысыз ба?» – деген дау-дамайдан сол 
адамның «театр елесiнiң» шеңберiнде екенiн байқаймыз. «Ақиқат 
беделдiң емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы», – деп қорытады 
Ф.Бэкон. Жуықта ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негiзгi елесi 
осы «театр елесi» болды емес пе? Тек беделдiлердiң аттары ғана 
өзгерген жоқ па? Олар К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды. 


160
Бүгiнгi таңдағы қоғамды демократизациялау, көппiкiрлiк принципке 
көшу бұл елестiң өмiрден кетуiнің себебіне айналып отыр. 
Сөйтіп, жоғарыда көрсетiлген идолдар қандай күштi болғанмен
ғылым жолына түскен адам өзiнiң ақыл-ойын, дүниетанымын олардан 
тазарту керектігін айтады ұлы ойшыл. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет