§ 3. Философия пәні Философияның дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан
кейін, мәселені нақтылай түсіп, келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз
керек.
Бұл мәселе бір қарағанда оңай сияқты болғанымен, бірақ жараты-
лыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл
сайын жаңа ғылым түрлерінің пайда болуы философия пәнінің өрісін
тарылтып, тіпті оны керек қылмай қалуы мүмкін деген пікірді туғызуы
ғажап емес. Ағылшын драматургы У.Шекспирдің «Король Лир»
кейіпкері өзінің барлық байлығын үш қызына бөліп беріп, өмірінің
соңында қайыршы болып қалғанындай, философия шеңберінен бөлініп
кеткен жеке ғылымдар оны өз пәнінсіз қалдырмас па екен деген сұрақты
неміс философы В.Виндельбанд қойған болатын. Ал француз философы
О.Конт философия өз дамуында үш сатыдан өтетінін айтады. Олар –
теологиялық (theos – грек сөзі, Құдай), метафизикалық (meta phіsіka –
грек сөзі, табиғаттан кейін, болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары
жөніндегі ілім) және позитивтік. Соңғы сатысында философия тек қана
жалпы ғылым және таным әдістері жөніндегі пәнге айналмақ, қалған
мәселелердің бары жеке ғылымдардың үлесіне кете бермек.
Философия пәніне деген мұндай көзқарасты сынға алу үшін, біз
бұл ғылымның шығу тарихына көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи
өндіргіш күштердің дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі
негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің (жер өңдеу, оған су әкелу,
геометриялық, математикалық түсініктерді, мал бағу, көшіп-қону,
жұлдыздар мен планеталарға, Айға қарап, олардың қозғалуы, жерге
тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің негізінің) пайда болуына
әкелді, ал мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап,
дүниеге деген ақыл-ойға негізделген білімді тудырғанын атап өтуіміз
керек. Негізінен, бұл алғашқы өмірге келген білімнің синкретикалық
табиғатын атап көрсеткен жөн: ол әлі философия, ия болмаса физика,
22
психология т.с.с. емес, оның ішінде барлық болашақ дүниеге келген