Серік Мырзалы философия оқу құралы


онтология және гносеология (эпистемология)



Pdf көрінісі
бет8/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   422
Байланысты:
2 (1)

онтология және гносеология (эпистемология) салаларына тән нәрсе 
(ontos – грек сөзі, болу, өмір сүру), (gnosіs – грек сөзі, білім, таным).
Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан алуан 
теориялық жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге болады. 
Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді-кесілді 
шешілген барлық философиялық қауымның бір ойынан шығатын бірде-
бір тұжырымдамасы жоқ сыңайлы. Философия саласында қызмет еткен 
ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. 
Сондықтан біз Платон, Спиноза т.с.с. ірі тұлғалардың философиясын 
ерекше түрде басқалардан бөліп алып зерттейміз.
Ал жеке ғылымдарды алатын болсақ, ондағы ашылған табиғат 
сырларын, жасалған теориялар мен тұжырымдамаларды сол сала-
дағы ғалымдар мойындайды. Мысалы, физика саласында қазақ, 
американ ия болмаса араб физикасы жоқ, бұл ғылымның жетіс-
тіктері бүкіл адамзатқа ортақ және өткен ғасырларда ашылған жаңа-


16
лықтар мен жасалған теориялар үйлесімді түрде жаңа жасалған 
тұжырымдамалардың ажырамас бағынышты бөлігіне айналады, олар 
бір-біріне қарама-қайшы келмейді.
Философияға келер болсақ, ондағы сонау көне заманда қойылған 
метафизикалық сұрақтар осы күнгі ұрпақтарды да тебірентеді, оларға 
әр дәуір өзіндік жауабын ұсынады (metaphysіca – грек сөзі, физикадан 
кейін, яғни болмыс жөніндегі тәжірибенің шеңберінен шығып кететін 
мәселелер). 
Оқырманның байқағанындай, философия статусы (status – латын 
сөзі, мәртебе) жеке ғылымдарға қарағанда анағұрлым кеңірек, сон-
дықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына жатқы-
затыны мәлім (the Art – ағылшын сөзі, өнер).
Мысалы, А.Шопенгауер: «Философия ғылымының кемшіліктері –
оның ғылым жолымен дамуында, ал, шынында, философия көрке-
мөнердің бір түрі ғана», – деген пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз 
олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады.
Жоғарыда айтылғандай, философия саласында қызмет еткен әр 
ірі тұлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүниетанымы, 
дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бұрын-соңды 
қайта-ланбас орын алады. Сондықтан қанша ірі тұлға философияға 
атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ, артық 
болмайды.
Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда 
өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық-сезімдік қарым-қатынасы өзгеше 
болып көрініп тұрады.
Философиядағы әрбір тұлға өзгеше орын алғаннан кейін, біздің 
алдымызда таңдау мәселесі пайда болады. Философияда талғамдық 
бар. Біреуге Гегельдің философиясы ұнаса, екіншіге Фейербахтан 
асқан ойшыл жоқ сияқты. Осы себептен кейбір уақытта философияның 
белгілі бір ағымы басқалардан гөрі басымырақ әсерін тигізіп, сол 
дәуірдің рухани өмірінің өзегіне айналуы мүмкін. Мысалы, діни фило-
софия – орта ғасырларда, маркстік философия – ХIХ ғасырдың аяғы мен 
ХХ ғасырдың бірінші жартысында, экзистенциализм – ХХ ғасырдың 
60-70 жылдарында т.с.с. И.Фихтенің айтқанындай, философиялық 
жүйені таңдау – адамның өзінің кім екеніне байланысты, өйткені 
философиялық жүйе соны жасаған адамның жан дүниесі арқылы 
жанданған. Бұл жағынан алып қарағанда, философия көркемөнерге 
ұқсас.
Жеке ғылым салаларына көз жіберсек, онда талғам мәселесі толы-
ғынан жоқ сияқты. Физика, я болмаса биологиядағы теорияларды 
жасаған авторларды көбінесе көзі тірі кезінде айтамыз, соңынан 


17
олардың ашқан жаңалықтары сол ғылымның бір тарауын құрап, 
бейтұлғалық объективтік заңға айналып кете барады (objectum – латын 
сөзі, зат, қарсы қоямын).
Шынайы философиялық шығармалар, көркемөнердегі ұлы туынды-
лар сияқты, адамның жүрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның 
жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық 
сезім билейді (harmonіa – грек сөзі, үйлесімділік, қарама-қарсылықтың 
бірлігі).
Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе – дүниенің 
біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз дүниенің 
суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені 
дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай 
болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз дүниені шектелген білім арқылы 
біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес. Ал, бірақ адамның жүрегінде 
дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашан-да бітпес құштарлық 
болып қала береді де, әртүрлі дүние суретін тудырады. Ол үшін фило-
соф өзінің дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет