Серік Мырзалы философия оқу құралы


Әлеуметтiк-философиялық, саяси идеялар



Pdf көрінісі
бет126/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Әлеуметтiк-философиялық, саяси идеялар
Адам – бақытты өмiрге ұмтылатын пенде. Iзгiлiк, жақсылық 
дегенiмiздiң бәрi – адамды рақатқа, қуанышты сезiмге әкелетiн 
нәрселер. Жамандық пен зұлымдық дегенiмiз – ол адамға зардап, қайғы, 
өкiнiш әкелетiннiң бәрi. Адам бақытты болуы үшiн, ең алдымен оның 
материалдық мүдделерi iске асуы қажет.
Т.Гоббс сияқты, Дж.Локк та, қоғамның табиғи және азаматтық аху-
алы жөнiнде айтады.
Табиғи жағдайда адамдар ерiктi, тең, бiр-бiрiне тәуелсiз өмiр сүредi. 
Табиғи ахуалдағы адамдардың өзiн-өзi сақтау жолында еңбек етiп
белгiлi бiр байлықтардың қайнар көзiн ашатындығын Дж.Локк баса 
айтады. Сөйтіп, ол меншiк мәселесiн табиғи жағдайдағы адаммен өзара 
бiрiктiрiп, оны қоғамның мәңгiлiк мәселесi ретiнде қарайды.
Құдай адамға бүкiл өлi және тiрi табиғатты бергенмен, олар өзiнiң 
ең пайдалылығын жеке меншiкке айналғанда ғана көрсете алады. Ал 
меншiктiң өзi аспаннан түспейдi, оған тек қана еңбектiң негiзiнде 


181
жетуге болады. Еңбек пен меншiк қоғамның, бүкiл мәдениеттiң 
негiзiн құрайды. Бiр акр өңделген жер сол көлемдi өңделмеген жермен 
салыстырғанда 10 есе қымбат, өйткенi өңделген жерге адамның еңбегi 
сiңген. Еңбек – қайсыбiр құндылықтың, бағаның қайнар көзi.
Мемлекет мәселесiне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық 
шартқа байланысты. Мемлекетпен бiрге азаматтық ахуал пайда болады. 
Табиғи ахуалдан азаматтыққа өткенде, адамдардың ерiктiгi мен 
қолындағы меншiгi сақталуы қажет.
Мемлекеттiң негiзгi мақсаты – азаматтардың меншiгiн қорғау. Мем-
лекет түнгi қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндiз азаматтар өздерiнiң 
меншiгiн өз ерiктерiмен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың 
iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiгiн қадағалап отыруы қажет.
Дж.Локк алғашқылардың бiрi болып, өзiнiң саяси философиясында 
өкiмет билiгiнiң бөлiнуiнiң қажеттiлiгiн көрсеттi. Заң билiгi – пар-
ламентте, атқару билiгi – сот пен армияда, федеративтiк билiк (басқа 
мемлекеттермен қарым-қатынас орнату) король мен үкiметтiң қолында 
болуы қажет.
Дж.Локк өз заманының ойшылы ретiнде дiннiң мемлекеттен 
бөлiнуiн, бiр-бiрiнiң iстерiне өзара қол сұқпау керектiгiн басым 
көрсетедi. Адамдар басқалардың да дiнiн сыйлауы қажет, бұл салада 
үлкен төзiмділік керек, өйткенi кез келген қоғам дiни-рухани тiрексiз 
өмiр сүре алмайды.
Мiне, осымен ХVII ғасырда өмiр сүрген ең ұлы философтардың 
дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесi сөздi ХVIII ғасырға 
беремiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет