Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет188/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   422
Байланысты:
2 (1)

(аруақтар) болды. Оларға сиынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ сиырды, 
ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын 
құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап, арнайы 
қырық күн от жағылды, өлiктi жерлегенде онымен бiрге үй заттарын, 
тағамды бiрге жерледi т.с.с.
Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған 
кездерiнде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәтi түскен 
iс болса, аруақтың көмегi деп бiлдi. Өлген ата-бабаларын түсiнде көрсе, 
«аруақ қолдайды» деп жориды. Аруақтың басына барып түнейдi, 
оларға арнап мал сойып, тiлек тiлейдi. Мысалы, «Шора батыр» поэма-
сында шешесi Шораның әкесiне: «Түйеден – нар, жылқыдан – айғыр, 
сиырдан – бұқа, қодан-қошқар алып, бала тiлеуге барайық», – дейдi. 
«Қобыланды» және «Алпамыс» жырларында да олардың ата-аналары 
бала тiлеп, «әулие қоймай қыдырып, етегiн шеңгел сыдырып» жүрген 
кезде, Баба-түктi Шашты-әзиз олардың тiлегiн орындайды.
Көне бабалар «киелi» және оған қарсы «кесiр» деген ұғымдарға өте 
жоғары маңыз берген. Өздерiнiң жартылай көшпелi тұрмысындағы 
пайда келтiретiн әртүрлi заттарға ерекше күш таңады.
Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық-
бақыт орнап, «құт» қонады. Ал әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда 
кедейлiкке ұшырап, қырсыққа шалдығады, яғни кесiрге айналады. 
Сонымен бiрге «қызыр» немесе «қыдыр» деген қасиет үлкен орын 
алады. «Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етедi» 
деген нақыл сөздердi осы уақытқа шейiн естуге болады. Ендi көне 
бабаларымыздың алғашқы философиялық тебiренiстерiне тоқталуға 
уақыт келген сияқты.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас 
бөлiгi ретiнде, осыдан 2,5 мың жылдай бұрын өмiр сүрiп, көне грек 
ой-өрiсiнде өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi (Анарыс) айтуға 
болады. Тарих атасы Геродот Анарыстың қара теңiздiң солтүстiк 
жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнiнде айтады. Оның 
айтуына қарағанда, ол өнер-бiлiмге құмар, өз Отанының әдет-ғұрпын 
жетiк бiлген, дүниенiң сырын бiлмекке ұмтылған атақты адам болса 
керек. Бiздiң жыл санауымыздың бiрiншi ғасырында өмiр сүрiп, ел 


271
басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттерi деп, ел 
билеудiң жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында 
сақталған. 
Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия 
тарихшысы Анахарсистiң Афинадағы Солон патшаға алғаш келiп таны-
сып, дос болғаны жайында мынандай аңызды келтiредi. «Қиырдағы 
скиф қаласынан iлiм iздеп, ақыл-зердемдi сынатып қайту үшiн, Солонға 
келiп тұрмын. Көңiлi қаласа – достыққа жараймын, пейiлi түссе – 
қонағы боламын», – деп, Солонның қызметшiсiнен сәлем айтады. 
Сонда Солон: «Есi бар ер досты өз елiнен iздейдi», – дептi. Анахарсис 
мүдiрместен: «Солон дәл қазiр өз Отанында. Ендеше, өз елiнiң төрiнде 
отырып, нелiктен досына дос қоспасқа», – деп жауап қайтарыпты. 
Ұтымды айтылған сөздiң ойлы астарына риза болған Солон Анахарсистi 
құшақ жая қарсы алып, олар бiр-бiрiмен дос болып кетiптi.
Грек философиясында Анахарсистi өздерiнiң дана жетi баба-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет