300
қойды. Одан кейiн Шоқан «Сот реформалары жөнiндегi жазбалар»
атты өзiнiң ғылыми еңбегiн жазады. Осы кездегi Ресей мемлекетiнде
буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүрiп
жатқанымен, «азиаттық озбырлық», пара алу, заңды бұзу, қарапайым
адамның ар-намысын аяққа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай
болып жатты. Сондықтан Шоқан Ресей мемлекетiнiң құқықтығына
зор күмән келтiредi. «Құқықтық мемлекетте заңдардың үстемдiгi
әрқашанда сақталуы қажет, оны ешкiмнiң де аттап өтуiне құқы жоқ.
Заңдар бұзылған жағдайда жаза әдiл сот арқылы берiлуi керек», – деп
қорытады ойшыл.
Шоқан патша өкiметiнiң Ресей сот институтын өзгертпеген,
бейiмделмеген түрде қазақ қоғамының өмiрiне енгiзуiне үзiлдi-кесiлдi
қарсы шығып, оның негiзсiздiгiн көрсетедi. Ресей заңдары қазақ
қоғамындағы әлеуметтiк қатынастардың ерекшелiктерiн, халықтың
тарихи қалыптасқан құқықтық көзқарастарын ескермейдi. Шоқанның
ойынша, таяу болашақта қазақ даласында үйреншiктi, халық алдында
абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.
Ш.Уәлиханов қазақ халқының
рухани өмiрiн зерттеуге де
қомақты үлес қосты. Оның даналығы – болашақтағы халықтың
рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жет-
кен жыр-дастандардың, аңыздардың, т.с.с. халық туындыларының
маңыздылығын ұғып, олардың әртүрлi
түпнұсқаларын қағазға
Достарыңызбен бөлісу: