302
мәселелерге байланысты ойларына көбiрек көңiл бөлсек деймiз.
Қосымша әдебиеттi талантты оқырман қиындық көрмей-ақ, бүгiнгi
кiтапханалардан табады. Осы орайда бiз белгiлi абайтанушы проф.
Ғ.Есiмнiң еңбектерiн ерекше ұсынар едiк.
Абай еуропалық мағынада айтылатын классикалық бiлiм алған
жоқ (университеттерде оқымаған). Бiрақ өзiнiң iшкi жалыны, дүниенi,
өмiрдi тануға деген зор құштарлығы мен шабытының арқасында,
ол араб, парсы, орыс тiлдерi мен мәдениетiн терең игерiп, өзiнiң
дүниеге деген көзқарасында олардың негiзгi нәтижелерiн қазақ руха-
ниятымен бiрiктiре бiлдi. Абайдың шығармашылық еңбегi жан-жақты
универсализмдiгiмен таңғалдырады: ол – ақын, сазгер, философ, аудар-
машы, құқықтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай,
«Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ,
рухына сонша жақындармыз. Үнемi бұл күйде тұрмас, халық ағарар,
өнер-бiлiмге қанар, сол күндерде Абай құрметi күннен-күнге артар».
Мiне, бүгiн сол күндер келдi, ал жастарға қойылатын талап – ұлы
Абайды мұқият зерттеп, өз жан-дүниесiне сiңiру болмақ. Ол – бiздiң
хакiм-ата алдындағы парызымыз.
Абайдың
онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап
та терең, өзiнiң ерекшелiгi мен маңыздылығын ешқашанда жоймай-
тын
дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология деп бағалауға
болатын сияқты.
Жаратқан, Дүние, Адам – мiне, осы үш санат Абай
философиясының iргетасын құрайды. Абай өз философиясының
осы негiздерiн өзiнiң 38-шi қара сөзiнде егжей-тегжейлі талдайды.
Дүние Жаратқанның
құдiреттi күшi арқылы пайда болып, өмiр сүрiп
жатыр және онда белгiлi бiр заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық
бар, соңғылардың негiзi
Ғылымда. Жаратқанның үшiншi сипаты –
Достарыңызбен бөлісу: