Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет210/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   422
Байланысты:
2 (1)

таза ниетiнде, сол арқылы ғана бiздi Құдай таниды. Руханияты биiк 
адам өмiрде кездесетiн өрескел қиын жағдайлардың өзiнде өз абы-
ройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзiн мадақтауы, басқа адамдарды 
төмендетуге тырысуы – оның тайыздығын көрсетедi. Абайдың бұл 
ойлары қазiргi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi дұрыс түсiнуге 
мүмкiндiк бередi.
Бүгiнгi таңдағы нарықтық экономиканың негiздерiн қалыптас-
тыруда Абайдың өз дәуiрiндегi айтқан ойлары өзiнiң өзектiлігiмен 
таңғалдырады. Оның ойынша, бақытты өмiрге жету адам өз ақыл-
ойын, ынтасы мен қабiлетiн, өмiрден алған оң тәжiрибесiн бiрiктiрiп 
алға қойған мақсатын жүзеге асыруға жұмылдырса ғана iске асады. 
Әйгiлi «Сегiз аяқта»:
«Болмағын кекшiл,
Болсайшы көпшiл.
Жан аямай кәсiп қыл!
Орынсыз ыржың,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсiп бұл?
Еңбек қылсаң ерiнбей, 
Тояды қарның тiленбей.
Егiннiң ебiн,
Сауданың тегiн
үйренiп, ойлап, мал iзде.
Адам бол – мал тап
қуансаң, қуан сол кезде», – деген ақыл-ойын халыққа таратады.
Халықтың бойына сiнген кертартпа қасиет – ол ерiншектiк. Оны 
Абай надандық пен зұлымдықтың қатарына қояды.
Абай өзiнiң 1886 ж. жарық көрген «Базарға, қарап тұрсам, әркiм 
барар» деген шығармасында былай дейдi:
«Базарға, қарап тұрсам, әркiм барар,
Iздегенi не болса, сол табылар.
Бiреу астық алады, бiреу маржан,
Әркiмге бiрдей нәрсе бермес базар.
Әркiмнiң өзi iздеген нәрсесi бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Бiреу ұқпас бұл сөздi, бiреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай, аң-таң қалар.
Сөздi ұғар осы күнде кiсi бар ма?
Демеймiн жалпақ жұртқа бiрдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесiк моншақ,
Бiреуден бiреу алып, елге тарар». 


305
Бұл шумақтан Абайдың нарықтық қатынастарды жақтап, оның 
ертелi-кеш елге келетiнiн, сонымен қатар сол кездегi ахуалға көңiлi 
толмағанын байқаймыз. Абайдың ойынша, қайсыбiр iскер адам артық 
пайданы, табысты халық игiлiгiне, қайырымдылыққа, мұқтаждық 
құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге, мәдениет пен 
бiлiмдi дамытуға жұмсауы керек. «Тек қана өзiң үшiн еңбек қылсаң, 
өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Адамшылықтың қарызына 
еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бiрi боласың», – дейдi Абай 
өзiнiң 37-қара сөзiнде. Ешкiмге қол ұшын бермей, «Мерседес» мәшине 
мiнгенiне, оқтын-оқтын шетелге барып, сауық құрып келгенiне мәз 
кейбiр iскерсымақ адамдар бұл Абайдың ойын ұғар ма екен?!
Абай өзiнiң әйгiлi 2-қарасөзiнде қазақты өзбек, ноғай, тәжiк, орыс-
тармен салыстыра келе, қазақтар сол халықтардан үлгi алып, егiн егу
сауда, ғылым, қолөнермен айналысып, тазалық пен тәртiпке, әскери 
қызмет атқарып, Құдайды құрметтеуге және маңдай терiн төгiп еңбек 
етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келедi. Тек бүгiнгi таңда 
ғана халықтың көпшiлiгi осы ойдың даналығын мойындаған секiлдi. 
Сонымен қатар енжарлық көрсетiп, осы уақытқа шейiн мемлекетке 
қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес сияқты.
Абай «байлық» атты ұғымның адамгершiлiк жағына аса көп 
назар аударады. «Әуелi, Құдайдан мал тiлейсiңдер, – дейдi Абай. – 
Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат бердi. Ол қуатты 
халал кәсiп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың... Сенiкi 
бiреуден қорқытып алсаң, бiреуден жалынып алсаң, бiреуден алдап 
алсаң болғаны, iздегенiң – сол» (аталған шығарма, 27 б.). Өз ойын ары 
қарай жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малды ендi сарп қылып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет