Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет244/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   422
Байланысты:
2 (1)

цияланып (sublimatio – латын сөзi, «биiкке көтеремiн» деген мағына 
бередi), яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, 
тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мүмкiн.
Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктi 
бөлiп алады. Олар – «өмiр инстинктi» – эрос, «өлiм инстинктi» – тана-
тос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сүйiспен-шiлiктi, достықты, 
iңкәрлікті тудырса, танатос адамды өлiмге қарай итерiп, оның 
қатерлі, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға 
бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.
Дегенмен З.Фрейд бисаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, 
адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара алады деп есептедi. 
Әңгiме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың 
жарығына шығарып, оларды өз еркiне көндiруге мүмкiндiк алуда болса 
керек.
Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын 
құрал бар. Ол – мәдениет. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы 
адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке 
келтiрiп, деструктивтi күңгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. 
Бiрақ ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойыл-
майды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып, неше түрлi 
бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық 
құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байла-
нысты. Демек, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте 
болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.


345
Сонымен, бисаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр 
жағынан, шығармашылық жолмен дүниенi қайта құру, екiншi жағынан, 
жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату – З.Фрейдтiң iзiн қуған 
ғалымдардың еңбектерiнде неше түрлi қайшылықтарды тудырды. 
Олардың көбiн З.Фрейдтiң бисаналықтың өзегiн жыныс энергиясына 
теңеуi қанағаттандырмайды.
Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.) басында өз ұстазының көзқара-
сында болғанмен, кейіннен бисаналықты басқаша түсiне бастайды. 
Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың 
тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кейiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. 
Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да 
терең «ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенiн байқайды. 
Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен 
шыққан неше түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса 
ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық» 
бүкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы 
жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар адамға дейiнгi 
хайуандық «жасырылған iздердi» байқауға болады. Олардың көбiн 
халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдiктерiндегi 
бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер 
т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бей-
нелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг «архетиптер» 
деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық 
бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол 
символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.
Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа 
берiлiп отырады. Сонымен қатар олардың көбi тiптi тұқым қуу 
механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң 
өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.
Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның 
жүрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер 
(1870-1937 жж.), К.Хорни (1888-1959 жж.), Э.Фромм (1900-1980 жж.) 
фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сүйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге 
тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет