Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет268/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   422
Байланысты:
2 (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Кеңес
Жаңа дәуірдегі ойшылдар көбіне номинализм бағытына жақыны-
рақ болды. Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмір сүрмейді, 
оларды ойлап шығарған адамның зердесі деген пікірге келеді, олар 
неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. Б.Спиноза ұғымдардың шығу 
тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, жалпылықты 
тек қана заттардың қарапайым ұқсастықтарынан іздеді. 
И.Кант бұл ойды тереңдетіп, жалпылықтың екі түрін мойындайды. 
Олар – тәжірибеден шығатын және априорлық (тәжірибеге дейін 
берілген) жалпылықтар. Ғылыми зерттеулер, тәжірибе арқылы жаса-
латын жалпы ұғымдар әрқашанда жеткіліксіз, өйткені күндердің бір 
күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның шеңберін бұзуы мүмкін. 
Априорлық жалпылықтарға келер болсақ, олар трансцендентальды 
(transcendens – латын сөзі, аттап өту, яғни бұл Дүниенің ар жағындағы 
деген мағына береді.) санаға жатады, оның табиғатын біз ешқашанда 
тани алмаймыз.
Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылықты «абсолюттік идеямен» 
теңейді. Бірақ ол заттардың ұқсас жақтарын қамтитын қарапайым 
дерексіз жалпылық емес, ол – шынайы нақтылы жалпылық
Соңғыны ол заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарына теңеп, 
ал оның өзі әрқашанда даралықтың негізінде ерекше көрініп, жекенің 
де өзіне тән байлығын бойына сіңіретіні туралы терең ой айтады. 
Жас жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір нақыл сөзді айтуы 
мүмкін, бірақ олар оған әртүрлі мағына береді, өйткені екінші өзінің 
бай өмірден алған тәжірибесі мен білімі арқылы оны жете түсінеді.
Маркстік философияда Гегельдің «нақтылы жалпылық» идеясы
жоғары бағаланып, сонымен қатар жалпылықтың қайнар көзін 
«абсолюттік идеяға» теңеуін сынға алады. Жалпы ұғымдарда объек-
тивті шындықтағы жалпылық бейнеленеді, ал оның өзі – заттар мен 
құбылыстардың ішкі нақтылы теңдігі. Ол заттардың өмір сүруінің 
негізі, оның көрінісі – заң.
Сөйтіп, оқырманның байқағанындай, философия тарихында 
даралық, жалқылық пен жалпылықтың өзара диалектикасы ғасырлар 
бойы зерттеліп, бүгінгі таңдағы мәресіне жетті. Оған қорытынды 
жасасақ, жалқылық жалпылыққа әкеледі, ал соңғы жалқылықтың 
бойында өмір сүреді. Алайда олардың екеуінің арасындағы дәнекер – 
ол ерекшелік. Сондықтан дүниедегі әр зат, құбылыс, үдеріс өзінің 


377
ерекшелігімен танылады. Ерекше зат өз бойына жалқы мен жалпыны 
тек өзіне ғана тән жолмен біріктіреді. Соның арқасында дүниедегі 
көптіктің бірлігі қамтамасыз етіледі.
Жалқылық пен жалпылық диалектикасын жете түсіну арқылы өткен 
кеңес қоғамы мен қазіргі егемен елімізде жүріп жатқан үдерістерді 
талдауға мүмкіншілік аламыз. Кеңес заманында жалпылық басыңқы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет