Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет306/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   422
Байланысты:
2 (1)

қайшылықта екенін барлық ғылым салалары бүгінгі таңда дәлелдеді. 
Олай болса, қайсыбір зерттеуде заттың ең алдымен ішкі қайшылығы 


465
ашылып, оның өзіндік қозғалысы, өзгерісі анықталуы керек. Ол үшін 
ойлау санаттары да бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар 
қайшылықты, бір-біріне өтетін дәрежеге көтерілуі қажет.
Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір-бірімен сансыз 
неше түрлі байланыста болғаннан кейін, диалектикалық әдістеменің 
зерттеуші алдына қоятын келесі талабы – заттың неше түрлі байланыс-
тарын жан-жақты зерттеу. Әрине, ол байланыстардың шегіне жетіп, 
барлығын қамту мүмкін емес. Дегенмен де мейлінше көбірек қамту 
бізді қателіктерден сақтайды.
Дүниеге келген әрбір зат өне бойы бір орында тұрып қалмайды. 
Ол өзгеріске ұшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақырында, 
өмірден озады. Сондықтан диалектиканың негізгі талаптарының бірі – 
зерттелетін нысанға тарихи тұрғыдан қарау.
Дүниеге әр зат өз қайталанбас болмысымен келеді, сонымен қатар 
басқа заттармен ортақ қасиеттері арқылы бірігіп, байланысады. Олай 
болса, әр зат өз ерекшелігімен құнды. Сондықтан қайсыбір зерттеудің 
негіздерінің бірі болып нақтылық қағидасы жату керек, өйткені 
барлығына бірдей дерексіз ақиқат танымда ешқашанда болған емес. 
Диалектиканың әрбір санатының әдістемелік мәні бар, өйткені 
олар дүниенің сан қилы жақтарының ең жалпы, мәнді байланыс-
тарын бейнелейді. Ал дүние қайшылықты жаратылғаннан кейін, 
диалектикалық санаттар жұп-жұбымен бірге, сонымен қатар қайшы-
лықты болып келеді. Сондықтан қайсыбір сандық өзгерістер ертелі-кеш 
заттың өлшемін бұзып, жаңа сапаның пайда болуына, себеп-салдарға, 
шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына, кездейсоқтық қажеттіктің 
іске асуына т.с.с. әкеледі.
Енді диалектикаға қарсы келетін метафизикалық әдістемені талдау 
үшін, ең алдымен осы ұғымның мағынасын анықтау керек. Уақытында 
Аристотельдің болмыс іліміне арнаған «Бірінші физика» атты еңбегін 
Андроник Родосский «Метафизика» (физиканың ар жағында деген 
мағына береді) деген атпен жарыққа шығарған болатын. Сол уақыттан 
бастап осы күнге дейінгі бұл санаттың негізгі мағынасы – болмыс ілімі, 
табиғаттың ар жағында жатқан терең философиялық мәселелерді тал-
дау. Мысалы, «бұл дүние шектелген, я шексіз бе, мәңгілік, я уақытша 
ма», «ақиқат, ізгілік, әсемдік, бақыт дегеніміз не», «Құдай бар ма, я жоқ 
па» т.с.с. сұрақтар.
Жаңа дәуірде Г.Гегель бұл санатқа екінші мағына берді. Ол – 
диалектикалық әдістемеге қарсы тұрған даму тұжырымы. Олай болса, 
метафизика дамуға қандай тұрғыдан қарайды деген заңды сұрақ туады.
Қозғалыс, дамудың қайнар көзін метафизика сыртқы ықпал, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет