Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет314/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   422
Байланысты:
2 (1)

этикадан емтихан қабылданады. Тұлғаның моральдық қасиеттері 
егжей-тегжейлі тексеріледі. Әрине, жемқорлықты түбегейлі жою, 
қай елде де, мүмкін емес. Бірақ ол елдегі жағдай, бұл жағынан алып 
қарағанда, мүлде өзгеше. Біздің елде Конституция мен екі-үш заңды 
білсең болғаны, мемлекет саласында жұмыс істеуге жол ашылады. 
Көп жағдайда жоғарғы лауазым иелерінің халық алдында берген анты 
үстірт рәсімге айналып отыр. Бірде-бір антты бұзған шен иесі туралы 
ақпарат естіген жоқпыз: мүмкін, ондай мемлекет қызметкерлері біздің 
елде болмаған шығар?!
Екінші мысал ретінде Англия премьер-министрі Тони Блеердің 
қазан айындағы (2005) парламент алдындағы сөйлеген сөзін айтсақ та 
болғаны. Ол Еуропа жоғары білім беру жүйесін реформалау керектігін, 
Қытай мен Үндістан елі жоғары мектептерінің олардан озып кету 
мүмкіндігін басып айтты. Ал біздің Еуропа стандарттарын жалаң 
еліктеушіліктің негізінде қабылдап жатқан жағдайымыз бар. Шығысқа 
қарай «мойнымызды бұрып», ондағы жиналған тәжірибені де игерсек 
дұрыс болмай ма? Мұндай жағдайда біздің телеэкранда араларында 
жантүршігерлік кадрларды көрсетіп, «Биллды өлтіру-1», «Биллды 
өлтіру-2», «Биллды өлтіру-3» деген жарнамалар болмас еді.
Әрине, білім беру жүйесі бүгінгі заманда өне бойы өзгерісте болуы 
керек. Сонда ғана біз арттақалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. 
Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. 
Неше түрлі тестілерді де оқу барысында қолдану қажет. Бірақ қай елде 
болса да, тек қана мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол – 
ұстаздың оқу барысындағы шешуші рөлі, өйткені білім беру жүйесінде 
адам заманның талабына сай тұлғаға айналуы қажет. Бірде-бір 
техникалық құрал ұстаздың орнын ауыстыра алмайды. Ол – білім 


476
беру жүйесінің арқауы. Олай болса, қоғам өміріндегі оның мәртебесін 
көтеру, оның материалдық ахуалын жақсарту арқылы білім беру 
жүйесін шынайы дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының 
шығармашылық әлеуеті жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай 
болса, бұл саладағы саясат осы мүмкіндіктерді шындыққа айнал-
дыруға бағытталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет